No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

RAMS EVO: сатылым 17 маусымнан басталады

13.06.2023
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматының орталығында жаңа тұрғын үй кешені салынбақ. RAMS EVO Әуезов-Гоголь көшелерінің қиылысында тұрғын үй жобасын бастайды. Мұндағы пәтерлердің әрбір шаршы метрі тиімді ойластырылған. Жаңа тәсілмен салынып, құрылысы толық біткен баспана жұртшылыққа қолжетімді болады. Ал ауласындағы мектебі мен жасыл желекті кең EVO-саябағы тіптен керемет жайлылық сыйлайды. Осынау ерекше тұрғын үйді алғашқылардың бірі болып артық төлемсіз 40 айға дейін бөліп төлеу арқылы ала аласыз, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

17 маусым Айманов 120 мекен жайындағы RAMS Qazaqstan кеңсесінде пәтер сатылымы салтанатты түрде басталады.

Жаңа тұрғын үй кешенін салу кезінде EVO Concept тәсілі қолданылмақ. Демек, аулаға кіреберістен бастап, пәтерге дейін кезең-кезеңімен жақсарту жұмыстары жүргізіледі.

Құрылыс мамандарының айтуынша, RAMS EVO жұмыс пен спорт, шығармашылық пен отбасылық демалыс орындарының экожүйесіне айналмақ. Мұнда коворкинг, фитнес зал, кинотеатр және балаларға арнайы бөлме салынып, кешен тұрғындарына қолжетімді болатын All-in-One жүйесі арқылы жұмыс істейді.

Ең қолайлысы RAMS EVO тұрғындарының өз мектебі болады. Білім ордасына қауіпсіз әрі жасыл желекті аула арқылы бірнеше минутта-ақ жетіп баруға болады.

Көліктердің шуынан алшақтатын RAMS EVO ауласында ойын мен жаттығу алаңдары, үй жануарларын серуендетуге, тіпті олардың аяғын жууға арналған арнайы жабдықталған аймақтар болады. Ал оған жақын жерде көк шалғынды EVO-саябағы орналасады. Мұнда алматылықтар келіп демала алады. Ал кешен тұрғындары балаларымен серуендеп, велосипед теуіп, кейін велосипед және қоларбаларды арнайы орындарға қойып кете алады.

RAMS EVO тұрғындарына үш метрлік төбесі бар, сантехника мен асүй жиынтығымен жабдықталған пәтердің кілтін табыстамақ. Ал қалған жиһазды тұрғындар өз талғамына қарай ала алады.

RAMS Qazaqstan пәтерлерді қабырғалары әктеліп, толық біткен күйінде ұсынады. Еденге төсеніш, ламинат төселіп, іргелері салынады, жарықтандыру және электр сымдары орнатылады. Одан бөлек, пәтердің ылғалды жерлері фарфордан жасалған тас бұйымдармен жабылады.

RAMS EVO тұрғын үй кешені туралы толығырақ 17 маусымда Айманов, 120 мекенжайы бойынша RAMS Qazaqstan кеңсесінде сатылымдардың салтанатты басталуы кезінде таныса аласыздар.

Алғашқы сатып алушылар болашақ пәтерлерін өз ойларынша жобалауға және терезе көрінісін қалауларынша таңдауға мүмкіндік алады. RAMS EVO-дан жылжымайтын мүлікті бастапқы шарттарға сәйкес пайдалы инвестициялар үшін сатып алуға болады.

RAMS Qazaqstan клиенттерге тек үш күн – 17, 18 және 19 маусымда артық төлемсіз 40 айға дейін бөліп төлеу жоспарын ұсынады.

Одан бөлек Trade-In бағдарламасы арқылы ескі пәтерді немесе автокөлікті жаңасына айырбастауға болады.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Қонаев қаласында ШОБ үшін 28,2 млн теңге грант бөлінді

01.07.2022

Қаскелеңде шипажай ашылды

13.02.2023
фото: ашық дереккөз

ШҚО тұрғындары жасалған жол жөндеу жұмыстарына наразы

14.07.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа