Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағын 115 млн долларға жалға алып отыр, деп хабарлайды kazbusiness.kz zakonkz -ке сілтеме жасап.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру елімізге қаншалықты тиімді екенін айтты.
«Байқоңыр» ғарыш айлағында кеңестік кезеңнен қалған ұшыру алаңдары бар. Ұшыру кешендерінің өзі нақты үлгідегі зымыран тасығыштарға арналған. Сондықтан онда арнаулы зымыран тасығыштар пайдаланылып келеді. Оларды басқа мақсаттарда пайдаланудың балама бағыттары жоқ, яғни техникалық тұрғыда мүмкін емес», – дейді ол.
Осы орайда ол жалға алу шарты бірнеше рет ұзартылғанын еске салды.
«Ғарыш айлағын жалға беру құны жылына 115 миллион долларды құрап отыр. Егер инфляция туралы айтатын болсақ, бұл төлем доллармен есептеледі. Ал ұлттық валютада болса да, қазіргі бағам бойынша есептеліп отырады. Теңгедегі баға 1994 жылдан бері айтарлықтай өсті», – деді Мәлік Олжабеков.