No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Дара кәсіпкер

Ұзынағаштық ісмер айына 90 жұп аяқкиім шығарады

«Еңбегіне қарай өнбегі» демей ме дана халқымыз. Екі қолға бір күрек ұстап, күндік нәпақасын тауып жүргендер жетерлік.

15.06.2022
Дара кәсіпкер
4
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Десе де, өзгеден дараланып іс бастау екінің бірінің қолынан келе бермесі ақиқат.  Қандай кәсіп түрі болмасын ол – өнер. Инемен құдық қазғандай, аса ыждахаттылықты талап ететін саланың бірі – етікшілік.  Содан болса керек,  көне көздеріміздің  «ерінбеген етікші болады» деуі.

Ісмерлігін ісімен дәлелдеген

Шеберлігін шыңдап, ісмерлігін ісімен дәлелдеген адам ғана етікші бола алады. Сондықтан да қазақ қоғамы етікшіні жоғары бағалаған. Қазір осы мамандыққа қызығушылық азайғандай.

Қоғам көз салмаса да, түбі жұртың назары осыған ауады, еліміз отандық өнімді тұтынады деп үміт артатын жерлестеріміз де табылады. Өзіміз үйренуге ерінген кәсіптен, нәсібін тауып отырған жандар Жамбыл ауданында тұрады.

Жыр алыбының құрметіне аталған ауданға қарасты Ұзынағаш ауылында заты нәзік болғанымен ердің ісін атқарып отырған Әсел Болатқызы «екінің бірі, егіздің сыңарына» бұйыра бермейтін кәсіпті дөңгелетіп отыр.

Әсел ханым алғашқы жұмысты 2015 жылы жаздық аяқкиімді тігуден бастаған  еді.

Тыңнан түрен салып, қандай да бір шаруамен айналысу үшін мемлекет тарапынан арнайы бағдарлама арқылы грант ұтып алуға болатынын білмеген.  «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының қызметкері ісінің алға басуына ықпал еткен алғашқылардың бірі.

Қалай басталды?

Әсел Өмірбекованың айтуынша, істің мәнісі былай өрбіген. Алматы қаласындағы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының қызметкері аяғын енді басқан бизнес өкілінен аяқкиім алған.

О баста тұтынушы болып келген қордың өкілі Әсел ханымға арнайы бағдарламалар бар, неге қатысып көрмейсіз деп сұраған. Өнім алушының бұл сөзі қазақтың дана қызына қамшы болып тисе керек-ті. Мәліметті естігеннен кейін, бағын сынап көрмекке «Алатау» бизнес кеңесі орталығына барып 3 күн оқу оқып, сертификат алған.

Қажетті құжат қолға тигеннен соң Болаттың қызы белін бекем байлап, бағдарламаға ұсыныс жасап, 2016 жылы 3 млн теңге грантқа ие болған. Артынша аяқкиім тігуге керек құралдарды алған. Сол сәттен бастап жұлдызы жанған жан шағын кәсібінің тасын өрге сүйреп келеді.

Бизнестің түрі сан алуан болғанына қарамастан, машақаты көп жұмысты неге таңдадыңыз деген сауалымызға былай деп тіл қатты.

– Бүгінде нарықты Қытай өнімдері жаулағаны жасырын емес. Олардың сапасыз тауарларынан шыны керек өз басым жалықтым. Төрт түліктің барлығын өсіреміз. Әдетте, «ішсең сусын, жесең ет, кисең киім» дегенмен неге онда сол сөзді іске асырмасқа.

Деннің саулығын бірінші кезекке қойсақ, кесел атаулы аяқтан сыз өтуден келеді ғой. Сондықтан аяқкиім тігуді қолға алғым келді. Осы мақсатта малдың терісін алып, өндіріп іске кірісіп кеттік, – дейді кәсіпкер Әсел Болатқызы.

Төрт мезгілдің сапалы аяқкиімдерін шығарады

Атауға баса мән беретін ырымшыл ұлттың қызы кәсібін «Kadam_kz» деп атаған. Бұлай ату себебі, қадамың құтты болсын, қош келдің деген сөзден алынған. Кz деп қойғандағы бар ойы алдағы уақытта аяқкиімдерді шетелге шығару мақсаты бар екенін де жасырмады. Кz деген жазуды көріп қазақстандық өнім екенін білгенін қалаймын деді.

Бүгінде цехта ер және әйел адамдарға жылдың 4 мезгіліне лайықталып сапалы аяқкиімдер шығарылады. Алдағы таңда балаларға да жылы әрі жайлы етіктер шығару жоспарланған.

Аталған өнімдерді жасау үшін қажетті материалдарды Әсел ханым өз елімізден бөлек, Қырғызстан, Қытай, Түркия, Ресейден алып келеді.

Сондай-ақ аяқкиімнің негізгі бөлшегі табанды тек Ресейден алады. Себебі  басты құрал қалып Ресейдің өнімі болғандықтан басқа елдердің шығарған өнімдері келе бермейді екен.

Цехтың жұмысы жүйелі жүрсе де тұтынушылар санының көп еместігін алға тартады кәсіпкер. Себебі қазақ қоғамы ұлттық нақыштағы киімдер немесе бұйымдарды қолдануға әлі де болса дайын емес.

Айына 90 жұп аяқкиім

Қажымас қайратты талап ететін бұл мамандықтың жілігін шағып, майын ішіп отырған азаматша қазіргі таңда тек қана қазақи болмыс пен бітімді көрсететін ерекше туындыларын насихаттаумен айналысуда. «Еңбек етсең емерсің» демекші, табан ақы, маңдай теріне қарай Тәңірі де ырзық-несібесін молайтып қойған. Әр іске епті келген Әселдің бір арманы еліміздің басты қалаларында өзінің арнайы дүкендерін ашып, ұлттық өнімді брендке айналдыру.

Отандық аяқкиім өндірісінің алдын бермес қарым-қабілетке ие шебердің жұмысын өңір басшысы Амандық Ғабасұлы да оң бағалаған. Ел басқарған азаматтардың көңілінен шыққан дүниелер дүниежүзін мойындатуға әбден лайықты.

Әлемнің сән топтамаларының қатарынан көруге тұрарлық бұл өнімдерді бар-жоғы 4 адам ғана шығарады. «Еңбегі көптің ұйқысы аз» деуші ме еді?

Иә, дәл солай, олар тынымсыз тер төгуде. Бірлігі жарасқан цех қызметкерлерінің шеберлігі арқасында айына 90 жұп аяқкиім шығарылады.

Өнімнің дизайнын бизнес иесі өзі жасаса, үлгілерді бауыры нақышына келтіріп беретінге ұқсайды. Барлық тауарлар таза былғарыдан, сиыр мен қойдың терісінен жасалынады.

Шеберханада негізгі процестің бәрі қол еңбегін талап етеді. Демек, аяқкиімнің әр жұбын қолөнер туындысы деп бағалаған жөн. Алтын қолдардан шыққан бұл дүниелер шетелдіктен еш кем емес. Моделі жағынан да қазіргі заманға лайықтап тігілген. Қол өнерінің бағасы да қолжетімді.

Қыздарға арналған балеткалар 10 мың теңгеден, жаздық аяқкиімдер 5 мың  теңгенің көлемінде болса, қыстық етіктер 25 мыңнан, көктем мезгіліне арналған кебістер 20 мыңның айналасында.

– Өнімге деген сұраныс та өте жоғары. Ұлттық нақыштағы, қазақи аяқкиімдерге арнайы тапсырыс беретіндер де жоқ емес. Өйткені түп тамырымызды көрсететін осынау нақыштар өте әдемі көрінеді, шетелге шықса да қазақ екенін көрсетеді. Сапалы тауардың  сөреде самсап тұруы жарамайды. Әсел Болатқызы әрбір қазақтың аяқтарынан ұлттық нақыштағы аяқкиімді көруді армандаймын, – дейді.

Қадамы нық, ойы оқ, көзі от, бітімі бөлек тұлғаның  арманы адастырмайды деп сенім білдіреміз. Өзімізге ғана тән нақыш арқылы, қалың елге қажетті аяқкиімді жасап отырған жанның табандылығы тұғырынан түсірмесін.

Анар САБЫРОВА,

Алматы облысы 

Байланысты Материалдар

Озық технологиялы «Шәй орталығы» Қарасай ауданында орналасқан

16.03.2023

Қаскелеңде шипажай ашылды

13.02.2023

Табыс әкелген «Eva төсеніштері»

31.01.2023

Самғау Нәсіпхан қазақы нақышта аяқ киім тігетін шеберхана ашты

27.01.2023

Жаркент өңірінде кәсіпкер мал бордақылап сатуды қолға алған

26.01.2023

Кентаулық отбасы темірден қажетті құралдар шығаруда

18.01.2023

Ұсынылатын материалдар

Жеке бизнес. Оны неден бастаған жөн?

04.01.2023

Жолдау-2022: жаңа Салық кодексі 2023 жылы әзірленеді

01.09.2022

193.8 млрд теңге: Қазақстанға Ресейден аударылған қаражат көлемі

16.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа