No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ресейліктердің келуі азық -түлік бағасына әсер етеді ма?

30.09.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Сарапшылар көрші Ресейден келгендердің легі тағы артса, инфляцияға кері әсер етуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Сарапшылар азық-түлік пен өзге де тауарлардың құны да өсуі ықтимал деп отыр.

Ресейден келіп жатқандар саны әлі азаймаған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы аптада жеке сәйкестендіру номерін 8 мыңнан астам шетелдік алыпты.

Қазақстан-Ресей шекарасында он күннен бері қарбалас. Арғы бетте мобилизация пункттері ашылса да, елге ағылған ресейліктердің қарасы азаймай тұр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы аптада сегіз мыңнан астам көрші елдің азаматы жеке сәйкестендіру нөмірін алған. Экономистер елге келетіндердің көші одан әрі көбейсе, инфляцияға кері әсер етеді деп болжайды.

“Жылжымайтын мүлік нарығында бағаның қалай құбылғанын көріп отырмыз. Жалдамалы пәтер құны аспандап кетті. Себебі, бұл нарықта сұраныс артты. Ресейліктер баспанаға жайғасты. Енді олар тамақ ішеді, жұмыс іздейді, керек затын алады. Демек, азық-түлік пен өзге тауарлардың бағасы тағы қымбаттауы мүмкін. Әрине елге келетін Ресей азаматтары осымен тоқтаса бәрі дұрыс болады. Егер көбейсе, жағдайымыз қиындайды”, – дейді экономист Андрей Чеботарев.

Ақша айырбастау пунктерінде де қазір ресейліктердің қарасы қалың. Барлығы рубльді теңгеге ауыстырып жатыр. Бірақ бұдан ұлттық валютамыз құнсызданбайды дейді сарапшылар.

Экономикаға батыс елдерінің Ресейге салып жатқан санкцияларының келесі легі кері әсер етуі мүмкін деп отыр сарапшылар. Сондықтан геосаяси ахуал ушығып тұрған шақта елімізге өнімдер экспорттайтын һәм ипорттайтын балама жолдар іздестіру қажет дейді мамандар.

“Ресей – басты сауда серіктесіміз. Ресейден келетін тауарлардың импорттық үлес 38 пайыз. Бұрын 41 пайыз болған. Демек, пайыздық көрсеткіш түсіп барады. Бір өкініштісі, қазір Ресей санкция санынан әлем бойынша бірінші орында тұр. Бұл біздің экономикамызға да әсерін тигізеді. Себебі, біз бұл елмен саудасаттықта тығыз байланыстымыз. “Қазақстан-Еуропа” жеткізу тізбегі қайта қалпына келу үшін жаңа транзит жолын табу қажет”, – дейді  Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының директоры Жәнібек Айғазин.

Сарапшылар еңбек нарығында да қиындықтар туындайтынын жасырмайды. Өйткені Қазақстанға уақытша қоныс аударған ресейліктердің көбі инженер мен ІТ саласының мамандары. Олардың алды жұмыс іздеуге кірісіп кетті. Арасында кәсібін дөңгелетуді көздейтіндері де бар. Экономистер Қазақстан мұндай өзгеріс пен мамандардың нөпіріне әлі дайын емес деген пікірде.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Фото: Polisia.kz

Алматыда субсидия алып береміз деп уәде берген күдіктілер ұсталды

31.05.2023

Қазақстан 2025 жылы құс етін импорттауды доғарады  

21.07.2022

Ақшаңыз банкоматта қалып қойса не істеу керек?

21.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа