No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сарапшы пікірі: Елмізде жұмыртқа бағасы не үшін қымбат?

Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы алдағы уақытты азық-түлік бағасының өспейтінін айтып болжам жасаған болатын. Сарапшылар соңғы кездерде қымбаттау қарқынын ескерсек, жұмыртқа барлық мал шаруашылығындағы өнімдер арасындағы ең арзаны екенін айтты, деп жазды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

10.11.2022
Жаңалықтар
2
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Соңғы бірнеше жылда тауық жұмыртқасының құны екі есеге өскен. Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығы өнім бағасының маусымға байланысты қымбаттауы қалыпты құбылыс деп санайды. Дегенмен сарапшылар биылғы жылдың 9 айында еліміздегі барлық құс өсірушілер шығынсыз жұмыс істесе, бағаның әлі де арзандауы мүмкін екенін айтады.

“Жыл басында жем-шөп бағасы өте қымбаттап, жұмыртқаның құны өсті. Бірақ оның саудадағы бағасы өспеді. Жылдың басында және жазда бағалар 2021 жылдың деңгейінде қалды. Дегенмен бүгінгі  зауыттар биылғы жылдағы шығынын жабу үшін баға көтерілді”, –  деді Қазақстан жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті Максим Божко.

Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекет тарапынан жеңілдіктердің жеткілікті болғанын айтады. Құс өсірушілерге жем сәуір айынан бері арзандатылған бағамен сатылған.

“Сондай-ақ жұмыртқа өнімдеріне субсидияларды қайтару туралы шешім қабылданды. Осылайша, жылына 5 миллионнан астам жұмыртқа өндіретін құс өсірушілер әрқайсысына 3 теңгеден алады. Бұған мемлекеттік бюджеттен 6,5 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржының 90 пайызы игерілді”, – деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы департаментінің директоры Ерлан Ілиясов.

Мамандардың айтуынша, зауыттардың өзі онын 450-500 теңгеден сатады екен. Бұл – бағаға қосымша дистрибьютордан 15% ең жоғары рұқсат етілген үстеме. Сонда өнімнің сатылымдағы бағасы 700 теңгеге дейін жетеді.

“Қымбат деуіміз орынсыз. Оның бағасын басқа да өнімдермен салыстыру керек . Қазір бәрі қымбаттады. Құс еті, тауық еті, қой еті – барлығының бағасы өсті. Олардың ішінегі ең арзаны жұмыртқа”, –  деді Максим Божко.

Қазір жұмыртқаның 10 данаға зауыттық бағасы – 450-500 теңге. Дистрибьютордың үстеме ақысы  – 15%, сатушының үстеме ақысы – 15%.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін автокөліктердің шығарылуына тыйым салынған

18.11.2022

Жетісу облысында асыл тұқымды ірі қара саны 20% артты

28.11.2022

Қазақстандағы күріш қоры ішкі тұтыну көлемінен 2 есе артық

08.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа