ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Абай ауданындағы өртте қаза тапқан орманшылардың суреттерін жариялады деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Экология министрі Зульфия Сүлейменова фотосуретті Facebook парақшасында бөлісті.
“8 маусым күні сағат 22.00-де біз “Семей Орманы” МОТР-ның Новошульба филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзілді. 9 маусым күні сағат 13.00-де бізге үш мәйіттің табылғаны туралы хабарланды. Біз ғажайыпқа сендік, бірақ ол орындалмады. Бүгін жоғалған 11 адамның мәйіті табылды”, – деп жазды министр өз жазбасында.
Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі бес адамды таныды:
1. Серікжан Тоқтасын, 27 жаста
2. Александр Сидорин, 39 жаста
3. Саят Нұржігітов, 51 жаста
4. Алексей Губаев, 30 жаста
5. Амангелді Дүйсембаев, 59 жаста.
Өрт аймағынан табылған тағы 9 адамның жеке басы анықталып жатыр.
Ақпарат көзінің хабарлауынша, техника жетіспеген, өрт кеш сөндіріле бастаған, өрттің таралуы туралы қате болжам жасалған.