No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мегаполис тұрғындары қандай азық-түлікті жиі тұтынады?

Jusan дүкені қазақстандықтардың онлайн түрде қандай азық-түліктерге жиі тапсырыс беретінін жариялады.

01.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Jusan дүкені ұсынған деректерге сүйенсек, азық-түлікке онлайн тапсырыс беретіндердің  97%-дан астамы — Алматы және Астана қалаларының тұрғындары. Қалған қалаларда онлайн-сауда айтарлықтай дамымаған көрінеді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер

Jusan дүкенінде 75,6% онлайн тапсырысты алматылықтар жасайды екен. Олар онлайн алдыратын топ-5 тауардың көшін пияз бастап тұр. Одан бөлек, бұл тізімде сәбіз, картоп екінші және үшінші орында тұрса, рейтингті ұсақ картоп пен орамжапырақ аяқтайды.

Сонымен қатар Алматы тұрғындары ең жиі тапсырыс беретін өнімдер қатарында сарымсақ, шалғам, шалқан, қызылша мен қызанақ бар.

Ал елордалықтар болса, бірінші кезекте сүтті (майлылығы 3,2%) онлайн алдыртуды жөн көреді. Бұдан басқа ең жиі алдыратын топ-5 өнімдер қатарынан құмшекер, Agro картоп, майлылығы 2,5% сүт, пияз табылады.

Сусындар

Бұл категория бойынша алматылықтар онлайн түрде жиі тапсырыспен алдыратыны энергетикалық Dizzy сусыны көрінеді. Сонымен қатар алғашқы бестікте Coca-Cola, газдалмаған Samal суы мен  Arzu Life Fitnes табиғи-минералды суы, энергетикалық Gorilla классикалық сусыны бар.

Ал астаналықтар арасында газдалмаған Turan суы кеңінен танымал. Сондай-ақ олар да онлайн түрде энергетикалық, атап айтсақ, Gorilla (манго-какос дәмімен және классикалық), Dizzy, ZET Energy сусындарын тапсырыс алғызуды әдетке айналдырған.

Ет өнімдері 

Елорда тұрғындары етке онлайн түрде тапсырысты жиі береді. Жалпы, бұл сегмент бойынша астаналықтардың үлесі 77%-ға тең. Ал Алматыда бұл көрсеткіш небәрі 7%-ға жетер-жетпес.

Астана тұрғындары жиі тапсырыс беретін топ-5 ет өнімдері:

  • Сиырдың тартылған еті;
  • Сиырдың артқы сан еті;
  • Тауық сүбесі;
  • Сиырдың жұмсақ еті;
  • Тауықтың сан еті.

Алматы тұрғындары жиі тапсырыс беретін топ-5 ет өнімдері:

  • Сиырдың тартылған еті;
  • Бургерге арналған мәрмәр бұзау еті;
  • Тауық сүбесінен кәуап;
  • Сиыр сүбесі;
  • Сиырдың артқы сан еті.

Осы тұста Jusan дүкенде барлық категориялар бойынша жыл басынан бері астаналықтар жасаған сауда бойынша орташа чек 22 623 теңге, ал Алматыда бұл көрсеткіш 9 931 теңге екенін атап өткен жөн.

Jusan дүкенінде азық-түліктен бөлек, тұрмыстық техника, электроника және автобөлшектер, жиһаз, зергерлік бұйымдар мен құрылыс материалдарын тапсырыспен алдыра аласыз. Тауарлардан бөлек, мұнда қызметтер мен курстарды да сатып алуға болады. Сонымен қатар онлайн-дүкенде бөліп төліп алу да қарастырылған.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу рәсімі автоматтандырылады

11.08.2022

Қазақстандағы күріш қоры ішкі тұтыну көлемінен 2 есе артық

08.12.2022

Бизнес жайлы таңдаулы 7 кітап

24.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа