No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Серік Жұманғарин Жамбыл облысының фермерлерімен аграрлық кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктерін талқылады

Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин 9 қыркүйекте Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында өңірдің тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейтін кәсіпорындарын аралап, фермерлермен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің өзекті мәселелерін талқылады.

13.09.2022
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

20 мың құс өсіретін 12 фермасы бар «ECO-CHICKEN» ӘКК жылына 200-210 тонна тауық етін өндіреді. Мұның бәрін 12 адам қамтамасыз етеді. Бүгін кәсіпорын шағын құс фермаларын салу жобасын әзірлеп, кейіннен кооперативке біріктірді. Әрбір шағын ферма 1600 бройлерге есептелген және жылына 3,8 млн теңгеден таза пайда алуға мүмкіндік береді.

Биыл қазақстандық пияздың төрттен үш бөлігі өсірілетін Жамбыл облысында осы дақылдың өнімі жақсы болады деп күтілуде. «Самғау» шаруа қожалығы 4500 тонна пияз жинауды жоспарлап отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда жарты тоннаға көп. Ауыл шаруашылығы жерлерінің алаңы 470 гектардан асады. Мұнда 12 адам жұмыспен қамтылған. Олар үкіметтің бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмысы туралы білу және проблемалық мәселелерді белгілеу үшін вице-премьермен кездесуге келді.

Кездесу барысында Серік Жұманғарин Үкімет аграрлық өндірушілерді қолдау үшін енгізіп жатқан жаңа тәсілдер туралы айтып берді. Қолда бар айналым қаражаты шеңберінде негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін – көкөністер, сүт өнімдері, күріш, ұн, әлеуметтік нан, жұмыртқа, қарақұмық, тұз, сиыр еті, тауық еті, күнбағыс майы және, әрине, қант өндірушілерді қаржыландыру схемалары қайта қаралып жатыр.

«Жаңа тәсілдер – өндірушілермен тікелей жұмыс істеу», — деді Серік Жұманғарин.

«Самғау» шаруа қожалығының басшысы Евгений Трубников өнімдер бағасын тұрақтандырудың негізгі мәселесі айналым қаражатының жетіспеушілігі екенін айтты.

Сауда және интеграция министрі  Серік Жұманғарин өнімді Қазақстанның батыс өңіріне көкөніс қоймаларында сақтау және батыс облыстардың нарықтарында өткізу үшін жеткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

 

«Біз Қазақстанның батыс өңіріне пияз жеткізу схемасын әзірлеуге және осы облыстарда пиязды қыстың соңында және көктемде сақтап, сату үшін айналым қаражатын бөлуге көмектесуге дайынбыз. Ал сіз өз тарапыңыздан бағаны тұрақтандыру керексіз, сондықтан маусымаралық кезеңде ол 150 теңге емес, айтарлықтай төмен болып, күрт қымбаттамауы тиіс», — деп ұсынды Жұманғарин.

Бұл мәселені ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті пысықтайды.

Сонымен қатар тұрғындар сүт бағасына, құрал-саймандар бағасының өсуіне қатысты және тағы басқа сұрақтар қойды.

Сондай-ақ Серік Жұманғарин жасыл желек пен балық өсіруге маманданған Greenwill жылыжайына барды. Оңтүстік Кореяның бірегей технологиясы тыңайтқыш ретінде балық қалдықтары қолданылатын органикалық өнім, көк шөп өсіруге мүмкіндік береді. Сапар соңында вице-премьер ет өнімдерін өндірумен және қайта өңдеумен айналысатын және 20-дан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған «Первомайские деликатесы» ЖШС кәсіпорнының қызметімен танысты.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

ҚР-да IT саласында 645 млрд теңгеден астам қызмет көрсетілді

05.07.2022

193.8 млрд теңге: Қазақстанға Ресейден аударылған қаражат көлемі

16.09.2022

Көлащыдағы трагедия: әкесі мен төрт баланың неден уланғаны анықталды

12.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа