No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Рэй Кроктың кәсіпкерлерге айтқан 18 кеңесі

04.12.2022
Жаңалықтар, Керек дерек
7
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Рэй Кроктың кәсіпкерлерге айтқан нақыл сөздері бүгінгі күнде де өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Ол — америкалық кәсіпкер, McDonald’s фаст-фудтар желісінің негізін қалаушы. Kazbusiness.kz сайты назарларыңызға Рэй Кроктың кәсіпкерлерге айтқан нақыл сөздерін ұсынады.

Оған атақ пен ақша оңай келген жоқ. Мол табысқа кенеліп, бүгінде атақты болған брендтің негізін қалайтынын ешкім білмеді. Крок ағайынды Макдональдтармен бірлесіп,  ең алғашқы McDonald’s-ты Иллинойс штатында ашты.

Атағы шыққанға дейін ол қатардағы кәсіпкер болатын. Жұмысы жүрмей, кәсібі дағдарыстан көз ашпады. Қай істі бастаса да соңында ақыры күйреп тынатын. Бірақ ол ешқашан мойыған емес. Оның кәсіптегі сәтсіздіктерімен қатар денсаулығы да жақсы болмаған. Қант диабеті және артрит ауруымен ауыратын, оған қоса құлағының естімейтіні тағы бар. Дәрігерлер оның өт қабы мен қалқанша безін алып тастаған.

Ең алғаш McDonald’s-ты тарату лицензиясын алу үшін  оған 15 мың АҚШ доллары керек болады. Бірақ банктердің барлығы несие беруден бас тартады.

Сәтсіздіктерден көз ашпаған Рэй Крок жетістікке жете бастаған кезінде жасы 52-де еді. Өмірінің қалған 30 жылын табысты өткізген кәсіпкердің еңбек жолы өзгелерге сабақ болары сөзсіз. Өйткені ол табысқа жетудің сан мың жолын байқап көріп, сүрінсе де берілген емес. 52 жасына дейін табысқа жетеріне сенді. Ақыры мақсат-мұратына жетті. Бүгінде McDonald’s-ты білмейтін адам жоқ.

Сәттіліктер мен жеңілістер үшін әр адам өзі жауап береді

1. Кәсіп майданында сан мәрте рет жараланып, құлаған сайын шыңдалып, әрдайым шайқасқа дайын болдым.

2. Табыс қолыңнан оңай кетеді, сол себепті ештеңені күтпе!

3. Алға қарай ұмтыл: өмірде табандылықтың орнын ештеңе баса алмайды. Талантты болса да, жолы болмағандар көп. Данышпан болса да,  ойлары жүзеге аспағандар көп. Тіпті ең жоғары білім де оны алмастыра алмайды. Өйткені әлем білімді жалқауларға толы. Ең басты құдірет – табандылық пен өз дегеніңнен қайтпау.

4. Өзіңнің қорқыныштарыңды сенімге алмастыр.

5. Табыс – бұл маңдай тердің көрсеткіші. Қаншалықты көп терлесеңіз, соншалықты табысты боласыз.

6. Тәуекел болмаса, қол жеткізген жетістіктеріңіз үшін мақтаныш та болмайды.

7. Егер сіз тек ақша үшін жұмыс істесеңіз, оны ешқашан жеткілікті мөлшерде таба алмайсыз. Ал егер жұмысыңызды сүйіп істесеңіз және тұтынушыларыңызды бірінші орынға қойсаңыз, мол табысқа кенелесіз.

8. Гамбургер дайындау кәсібін біз сияқты ешкім шынайы қабылдаған жоқ.

9. Мен үшін ақша — орындалған борыштың жетістігі.

10. Тұтынушыларыңызды бақылаңыз, сонда кәсібіңіз дамиды.

11. Мен өзгелерді жетістікке жетелеген сайын, өзім де жетістіктің шыңына өрлей беремін.

12. Бәсекелестерім менің жоспарымды ұрлауы мүмкін. Бірақ олар менің басымда жатқан ойымды ұрлай алмайды. Демек, мен әрдайым олардан оқ бойы озық боламын.

13. Жұмыс — өмірдің гамбургеріндегі ет.

14. Егер тәуекелшіл болмасаңыз, бизнеске тұмсығыңызды сұқпаңыз.

15. Маған жай ғана басқа мүмкіндіктерді іздеу керек болды.

16. Мен Құдайға, отбасыма және McDonald’s-қа сенемін. Жұмыста болған кезде оның реті соңынан басына қарай өзгереді.

17. Бізде бакалавр дәрежесін иеленген мамандар өте көп. Бірақ…

18. Жеңілме…

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Male hands are keeping bank cards. Gold coins from one card are moving to another card. Money transfer. Business concept

Шетелге аударылған ақша 1 трлн теңгеден асты

27.02.2023

Жаңа экономикалық өзгерістерді жүзеге асыруда бизнестің барлық ұсыныстары ескеріледі – Әлихан Смайылов

05.08.2022

Картоп өндіретін шаруа қожалықтары сапалы тұқым қажет

08.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа