UFC президенті Дана Уайт жеңілмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Шавкат Рахмонов 16 қыркүйекте UFC турнирінде америкалық Кевин Гастелуммен айқасады. Бұл кештің негізгі жекпе-жектерінің бірі болмақ.
Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақ дәрежесінде алтыншы нөмірде екенін еске сала кетейік.
«Номад» бұған дейін UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, бәрінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.
Соңғы айқасында америкалық Джефф Ниллдан басым түсті.