No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шекара арқылы қолма-қол ақша алып өтудің тәртібі қандай?

29.11.2022
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
16
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кеден органдарының негізгі міндеттерінің қатарына жеке тұлғалардың, кіші және орта бизнес өкілдерінің немесе коммерциялық емес ұйымдардың кедендік  шекарадан валюта алып өтуіне бақылау жасау тәртібі де кіреді. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Алтынкөл-жол» кеден бекеті басшысының орынбасары Бекен НҰРАХМЕТОВ түсіндірді, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпараттық порталы.

Мәселен, ҚР Азаматтық кодексінің 12-бабында көрсетілгеніндей, жеке тұлғалардың қатарына ҚР мен басқа да мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың қатарына кәмелеттік жасқа толмаған балалар да қосылады. Осы орайда кедендік шекарадан кәмелеттік жасқа толмаған азамат валюта алып өтетін болса, декларант ретіндегі жауапкершілік оның ата-анасына жүктеледі.

Жалпы валюта алып өту (елімізге валюта әкелу және сыртқа шығару) туралы ережелер «Қазақстан Республикасында кеден ісін реттеу туралы»  Қазақстан Республикасы Кодексінің 343 бабының 1 тармағының 7 тармақшасымен және Евразиялық экономикалық қауымдастықтың мемлекетаралық кеңесінің 05.06.2010 жылғы  «Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша немесе ақша құралдарын кедендік одақ шекарасы арқылы алып өту тәртібі жөніндегі келісім» туралы №51 шешімінің 4 бабымен реттеледі.

Атап айтсақ, кедендік шекарадан бір жолғы валюта алып өтетін жеке тұлғалардың қолындағы қаржының жалпы сомасы Қазақстан Респбликасы Ұлттық банкінің сол күнгі валюта бағамы бойынша 10 мың АҚШ доларынан аспайтын болса, жеке тұлғалар аталмыш валютаны жазбаша декларацияламай алып өтуге құқылы. Ал енді аталмыш сома немесе жол чектері 10 мың АҚШ долларынан асып кеткен жағдайда, жазбаша түрде кедендік жолаушылар декларациясына мәлімдеуі қажет.

“Егер де жеке тұлға кедендік шекарадан көлемі 10 мың АҚШ долларынан асатын валютаны кедендік жолаушылар декларациясында мәлімдемей өтетін болса, бұл жағдай кеден ережесін бұзу фактісі болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Әкімшілік-құқық бұзу кодексінің 551-бабы бойынша (тауарларды, қолма-қол ақшаны, жол чектерін немесе құжаттық құнды қағаздарды декларацияламау немесе дұрыс кедендік декларацияламау) әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін”, – дейді спикер.

Ал енді кедендік тексеруден жасырып өтетін валютаның жалпы сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сол күнгі бағамы бойынша 10 мың айлық есептік көрсеткіштен (30 630 000 теңге) асып кететін болса, бұндай фактілер негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234 бабы (экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Оның айтуынша, біздің елімізге валюта әкелу мәселелері бойынша ешқандай шектеулер жоқ екенін ескерте кетейік. Мысалы, Қазақстан Республикасының аумағына сапарлап келген кез келген азамат кедендік шекарадан ешбір шектеусіз валюта алып өтуге құқылы. Ал енді шетелден алып келген валюта көлемі белгіленген мөлшерден көп болатын болса, жазбаша түрде кедендік жолаушылар декларациясында мәлімдегені абзал. Себебі, шетелден алып келген валютаны кері алып қайтатындай  жағдай туындайтын болса, Қазақстан Республикасының аумағына кіргенде толтырған жазбаша кедендік жолаушылар декларациясы валютаны кері алып шығу барысында оның заңдылығын дәлелдейтін негізгі құжат болып табылады.

Алайда үстіміздегі жылы кедендік шекарадан валютаны Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шығаруға байланысты шектеу қойылды. Бұл өзгерістерден көп азаматтар әлі күнге дейін хабарсыз екенін кеден оганына түсіп жататын сұраулардан да аңғаруға болады.

“Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы» 2022 жылдың 14 наурызындағы Жарлығының 1 тармағының 1 тармақшасының талаптарына байланысты, сыртқа қолма-қол валюта немесе қаржылық құралдарды алып өту Ұлттық банктің сол күнгі бағамы бойынша 10 мың АҚШ долларынан аспауы керек”, – деп қорытындылады маман.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: REUTERS

Қаңтар оқиғасы: Алматы әуежайын басып алғандарға сот үкімі шықты

11.07.2023

“Dolche Pharm” компаниясының негізін қалаушы фармацевтикаға инвестиция салуға шақырады

15.12.2022

275 млн теңге: “Самұрық-Қазына” қорының басқарма мүшелерінің табысы

05.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа