No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шекара маңындағы өңірлер: бизнестегі проблемалар мен мүмкіндіктер

13.08.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ресейдегі экономикалық тұрақсыздық пен валюта бағамының құбылуынан туындаған проблемаларды алғашқылардың бірі болып СҚО кәсіпорындары сезінді. Сонымен қатар, қалыптасқан жағдай шекара маңындағы бизнес алдында өндірісті кеңейту және серпінді даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов пен СҚО әкімі Құмар Ақсақалов өңірге сапары барысында жергілікті өндірушілермен осы мүмкіндікке қажетті факторларды талқылады.

 

Солтүстік Қазақстан облысындағы негізгі кәсіп – ауыл шаруашылығы. Сондықтан агроөнеркәсіп кешеніндегі саясаттың өзгеруі жергілікті кәсіпкерлердің ерекше қызығушылығын тудырады. «Атамекен» ҰКП өкілдерінің өңірге сапары барысында ауыл шаруашылығы өндірушілерінің проблемалары, субсидиялау саясатындағы өзгерістер, экспорттық әлеуетті іске асыру мүмкіндіктері қызу талқыланды.

 

Жергілікті «Экомол-Сергеевка» – сүт өнімдерін қайта өңдеу және өндірумен айналысатын шағын кәсіпорын. Осы старт-ап жоба 2019 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы көмегімен іске асқан. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік бағдарлама бойынша қаржыландыруды үш рет қолданған. Зауыт алғаш рет 20 млн теңге сомасына қаржыландырылды. Содан кейін 2020 жылы қаржыландыру көлемі 40 млн теңгені және 2021 жылы 30 млн теңгені құрады. Барлық қаражат жобаны іске асыруға және жабдықтарды жаңартуға жұмсалды.

 

«Біз жұмысты тәулігіне 3 тонна сүтті өндіруден бастадық, кейін жеткізушілеріміздің санын көбейте бастадық. Биыл сүтті қабылдаудың тәуіліктік көлемі 12 тоннаға дейін барады. Қазіргі кезде бізде шикізатты жеткізетін 30-35 серіктес бар. Біз өнімді Петропавл мен СҚО-да ғана емес, Орал мен Ақмола облыстарына да өткіземіз. 2021 жылы біз Татарстанға экспортқа шықтық – Қазан қаласына 20 тонна май жөнелттік», – деді «Экомол-Сергеевка» ЖШС бас директоры Альбина Рашитова.

 

Кәсіпорын жылына 360 тоннаға дейін пастерленген 3,2% ауыз сүт, майлылығы 82,5%-ды құрайтын 50 тонна тәтті-сары май, 5% майлылықта 112,3 тонна сүзбе және 55,8 тонна майсыз сүзбе өндіреді. Кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайта отырып, одан әрі дамуға дайын. Бірақ әзірге бұл үшін шикізат жетіспейді, өйткені нарықта бай тәжірибесі бар ірі зауыттармен бәсекеге түсу оңай емес.

 

«Кәсіпорын жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ете отырып, шикізат мәселесін шешеді. Бұл бір өндірістің іске қосылуы ШОБ 2.0 қағидаты бойынша өңірдегі басқа кәсіпорындардың дамуына ықпал ететін мысалдардың бірі», – деп атап өтті СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Әшметов.

 

Өңірдің үш жетекші өнеркәсіптік кәсіпорны – «Солтүстік фанера комбинаты», «Петропавл электр техникалық зауыты» трансформатор зауыты және «Радуга» қағаз өнімдерін өндіру зауыты Ұлттық палата назарына кездейсоқ ілінген жоқ. Қазіргі геосаяси жағдайдағы қиындықтар мен шектеулерге қарамастан, кәсіпорындар импортты алмастыру процесіне белсенді қатысып қана қоймай, өндірісті кеңейту мүмкіндіктерін де қарастыруда.

 

«Солтүстік фанера комбинаты» өткен жылдың басында іске қосылды. Фанера комбинаты өз өндірісімен елдегі импорттың 22 пайызына дейін қамтамасыз ете алады. Зауыттың өндірістік қуаты – жылына 30 мың текше метрден астам ламинатталған фанера өндіру. Зауыт ең заманауи жоғары дәлдікті жабдықтармен жабдықталған. Жобаның жалпы құны төрт миллиард теңгеден астам қаражатты құрады.

Зауыт басшысы Оғызхан Челиктің айтуынша, өндіріс қуаты Қазақстанның ішкі қажеттілігін жауып қана қоймай, Ресей мен Өзбекстан нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін екінші цехты іске қосу жоспарланған.

 

«Қазір өндірісті кеңейтудің уақыты келді. Ресейдің ірі қалаларына жақын орналасқандықтан біз санкциялар салдарынан босатылған нишаларды оңай иемденіп, көршілес аймақтарда – Ресейдің Омбы, Тюмень және Қорған облыстарында фанера өнімдеріне сұранысты толтыра аламыз», – дейді зауыт директоры.

 

Сонымен қатар, көрші мемлекеттегі жағдай қазірдің өзінде зауытқа толық қуатқа қол жеткізуге мүмкіндік бермейді – кәсіпорын ара-тұра шикізатпен байланысты проблемаларға тап болады.

 

«Шикізат ретінде біз Ресей мен Қазақстаннан 100% қайың шпонын пайдаланамыз. Қазір біз өндірісті кеңейтіп жатырмыз, бірақ өкінішке қарай, шикізатпен проблемалар салдарынан біз кәсіпорынның әлеуетін толық іске асыра алатынымызға сеніміміз жоқ», – дейді Оғызхан Челик.

Ұлттық палата үшін «Солтүстік фанера комбинаты» ЖШС-ның жағдайы дағдарысты өсу нүктесіне айналдыра алған шекаралық кәсіпорынның табысты әрі үлгілі кейсі.

 

«Фанера комбинатының үлгісінде біз даму әлеуеті зор табысты кәсіпорын жұмысын көріп отырмыз. Қазір геосаяси жағдай өндірісті кеңейтуге және экспортқа шығуға мүмкіндік береді. Сондықтан біз Палата ретінде осы мүмкіндіктерді іске асыру үшін мәселелерді шешуге толық көлемде қосылуға дайынбыз», –деп атап өтті ҰКП басшысы Райымбек Баталов.

 

Жоғары әлеуеті бар тағы бір жергілікті өндіруші – «Alageum Electric» электр техникалық зауыты да өткен жылы іске қосылды. Кәсіпорын бастапқыда экспортқа бағдарланған – шығарылатын өнімнің 98%-ын ТМД елдеріне өткізеді. Кәсіпорын қуаттылығы 2,5 кВА-дан 2 500 кВА-ға дейінгі трансформаторлар мен шкаф құрылымдарын шығарады. Зауытта жылына 13 мыңнан астам трансформатор өндіріледі, ал жақын арада бұл көрсеткішті 14 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

 

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ифтар бағасы екі есе қымбаттап кеткен

24.03.2023

Отбасы банк 20 жылдық мерейтойын атап өтті

29.05.2023

Түркияда тағы да жер сілкінісі

21.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа