No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шетел көліктерін тіркеудің тәртібі қандай?

24.01.2023
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бүгінгі өзекті мәселенің бірі – шетел көлігін заңдастыру, халықтың алаңдап отырғаны рас. Дегенмен үкімет бұл істі қолға алып, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жұмысты жеделдетіп жатыр. Сонымен шетел көлігін қалай заңдастырамыз деген сауалға нақты ақпарат берейік. Бұл ретте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың жауыбын ұсынуды жөн көрдік.

«Заңдастыру үшін утилизациялық алым талап етпейді. Көлік иелері 200 000 теңге бірреттік төлем төлейді. Көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген болуы керек. Ұрланған, іздеуде болмауы тиіс.  Өзге мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Кедендік тексеруден өтуі керек», – деді  Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.

Шетелдік көлікті заңдастыру үшін 4 құжат керек.

– “Атап айтқанда, өтініш, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік. Сондай-ақ, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат – мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе иеліктен шығару туралы өзге де мәміле шарттары, мұрагерлік құқығы туралы куәлік».

Төлеу құны бойынша да халықтың арасында түрлі әңгіме өрбіп жатқаны белгілі. Бірі 200 мың десе, екіншісі, одан жоғары төлейміз деген сөз тарауда. Мына мәселеге назар аударсақ, нақты ақпаратты білетін боламыз.

Сонымен, ХҚКО арқылы көлік иесі 200 мың теңге көлемінде бірреттік төлем жасайды. Мұнымен қоса техпаспорт үшін – 4 313 теңге мемлекеттік баж, мемлекеттік нөмір алу үшін – 9 660 теңге төлейді. Негізгі төлемнің сомасы осы.

Қазақстанда «сары» нөмірлерді бере отырып, уақытша тіркелген «армян» автокөліктеріне заңдастыру қолданыла ма? Осы сауал да көлік иелерін жиі мазалайды. Бұл мәселе бойынша мынадай жауап айтылған.

Біздің елде уақытша тіркелген “армян” автокөліктері де заңдастыруға жатады. Оларды кедендік декларациялау талап етілмейді, себебі 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап олар Еуразиялық-экономикалық одақтың тауарлары болып танылады.

Ендігі ретте көліктерді заңдастыру 23 ақпаннан 1 шілдеге дейін жүргізіледі.

Байланысты Материалдар

Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды

05.06.2023

ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

05.06.2023

Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

05.06.2023

Алматыда полицей әріптесінің қолынан қаза тапты

05.06.2023

Мемлекет ауылдардың дамуына 200 млрд теңге бөлді

05.06.2023

Алматы облысындағы мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылған

05.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Пірмәнов пікірі: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы көтере ма?

16.11.2022

Алматы кәсіпкерлері ашық алаңдағы базарлар мәселесін шешіп беруді талап етуде

28.09.2022

“АрселорМиттал” компаниясы Қазақстанға 1 млрд доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр

06.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды
  • ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
  • Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа