No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шетелдік көлікті заңдастыру: атыңа қанша көлік жаза аласың?

01.12.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев бір азамат өз атына неше шетелдік көлік заңдастыра алатынын түсіндірді, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.

«Шетелден әкелінген көлікті заңдастыру үшін оның иесі міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматы болу керек. Ал бір азаматтың атына неше көлік заңдастыру керек деген келсек, саны бойынша ешқандай шектеу жоқ», — деді комитет басшысы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Бұл үшін заңдастыруға жататын көлік мынадай үш талапқа сай болуы керек:

Біріншісі – автокөлік іздеуде болмауы керек.

Екіншісі – кедендік тазартудан өткен болуы керек.

Үшіншісі – 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктер болуы қажет

Сондай-ақ, ол техникалық ақауы бар көлікті заңдастыру үшін жөндеу міндетті екенін ескертті.

«Заңдастыруға жататын көліктің «жасына», экологиялық класына, рулінің қай жағында орналасқанына байланысты ешқандай тыйым жоқ екенін тағы қайталап айтамын. Ал техникалық жағдайына келсек, тіркеу кезінде техникалық бақылаудан өткіземіз. Егер көліктің техникалық тұрғыдан ақауы бар боп шықса,оны тіркеуге қоя алмайтын шығармыз. Жол қозғалысына тек техникалық ақауы жоқ көліктер ғана қатысуы керек. Техникалық байқау деген сол үшін керек. Бірақ бұл біз ондай көлікті тіркеуден бас тартамыз деген сөз емес. Иесі оны жөндеп, ақауды жойып, қайтадан тіркеу пунктіне жүгіне алады. Ақау шынымен жойылған болса, көлік тіркеуге қойылады», — деді Қайсар Сұлтанбаев.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Мақсат Халық: «Рубль құнсыздануы — Қазақстан нарығына соққы болып тиюі мүмкін»

10.03.2023

“Home Credit Bank” АҚ биыл шағын және орта бизнеске арналған цифрлық банкті іске қосады

19.01.2023

Кәсіпкерлердің Өзбекстан арқылы сауда жасауы жеңілдейді

03.03.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа