Премьер-министр Әлихан Смайылов Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында шетелден қайтарылуға тиіс қаржының сомасын атады.
“Біз әжептәуір қаражатты анықтадық. Соның барлығы эскпорттық немесе импорттық операциялар үшін төленген ақша ретінде шығарылған. Бірақ екі жылдан бері елге қайтарылмай жатыр. Қазір жалпы сомасы жарты триллион теңге бойынша 200-ден астам материал құқық қорғау органдарына тапсырылды”, – деді Смайылов.
Бүгінде шетелге шығарылатын капиталды барынша азайту үшін заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, дивидендтер бойынша жеңілдік алынып тасталды. Бұдан бөлек, материалдық емес қызметтер бойынша шетелге ақша аударуға шектеу енгізіліп отыр.