No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Сигма-ГАЗ» мәселесі Астанада қаралады: Мәжіліс депутаты халықты тыңдады

26.05.2023
Жаңалықтар, Kazbusiness, Әлеумет
940
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Сигма-ГАЗ» ЖШС заңсыз әрекеттерін тексеру бойынша ҚР Үкіметіне сұрау жолданады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақсат Толықбай Қарасай ауданы халқымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Активіне ауданның он үшке жуық ауылы қарайтын газ серіктестігіне он мыңнан астам адам тұтынушы болып саналады. Депутатпен кездесуде тұрғындар «Сигма-ГАЗ» серіктесітігінің бірқатар заңбұзушылақтарын тізіп, мәселені қанша айтқанмен әлі күнге шешімін таппағанын атап өтті.

Бұған дейін желтоқсан айынанан бері газ бағасы туралы мәселе бірнеше рет көтеріліп, тиісті органдардың араласуымен тариф 28,95 теңге көлемінде бекітілген. Алайда тұрғындардың айтуынша, ЖШС айлық төлемді аталған бағамен емес, газ серіктесігінің өздері қойған тарифімен жүргізуде.

Сонымен қатар аймақтағы үйлерге газ қостыру мәселесі де ушығып тұр. Аудан тұрғыны Исахан Шәдібековтің сөзінше, «Сигма-ГАЗ» трассадан үйге дейін газ құбырын тартқанға қосымша заңсыз ақы алады.

«ЖШС өкілдері тұрғындарды газдан ажыратып қана қоймай, қайта қосқаны үшін ақша талап еткен және айыппұл салған. Ал айыппұл салуға тек деген мемлекеттік органдар ғана құқылы ғой. Негізі ЖШС төлем жасамай жатқан тұтынушылардың құбырын уақытша тоқтатып сотқа беру керек болатын. Алайда былтыр «СИГМА» ЖШС атауы «Сигма-ГАЗ» ЖШС деп өзгертілген, бірақ бізбен келісімшарт жасаспаған. Сондықтан сотқа бере алмайды. Сондықтан өрескел түрде газдан ажыратып жатыр», – деді жергілікті тұрғын.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңнамасының 17-бабында көзделген, тауарлық газды бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі шарт талаптары бұзылған жағдайларда, газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымы немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иесі бұзушылықтар жойылғанға дейін тұтынушыға тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді біржақты тәртіппен тоқтата тұруға құқылы екені көрсетілген.

Аудан тұрғыны, адвокат Жандос Бұлқайырдің айтуынша, тиісті органдар оған аталған мәселе бойынша тескеріс жұмыстарын жүргізуге рұқсат бермеуде.

Атап өту керек, кездесуге аудан әкімі қатыспады. Депутат Мақсат Толықбай осындай өзекті мәселенің шешімін іздеуде, халықпен кездесуге қатыспаған әкімнің үстінен шағым жасайтынын атап өтті.

Қыстан бері құзырлы органдардың араласуымен шешімін таппай келе жатқан мәселе бойынша сұрақтар көп. Осы тұрғыда мәжілісмен ҚР премьер-министіріне депутаттық сауал жолдайтынын айтты. Аймақтағы газды тексеру бойынша республикалық комиссия құру жұмыстарын жүргіземін деп сендірді. Сондай-ақ депутат аймақта өз өкілін сайлап, ауданның қордаланған мәселелерін назарда ұстайтынын жеткізді.

Алдағы уақытта аталған мәселе kazbusiness.kz сайтының жіті бақылауында болады.

Байланысты Материалдар

Dow 300 ұпайға түседі, өйткені Трамп ЕО мен Apple-ге қарсы жаңа тарифтерге қауіп төндіреді: Live жаңартулары – CNBC

24.05.2025

Эксклюзивті |Үлкен банктер крипто әлеміне вентингке кіреді

24.05.2025

Ұлыбританияның сауда сатылымы сәуір айында 1,2% -ға өсті – ұрып-соғу – CNBC

24.05.2025

Инвесторлар АҚШ-тың облигациялар нарығынан бастап Дональд Трамптың саясатына деген қорқыныштан аулақ болады – Financial Times

24.05.2025

Bitcoin ашық қызығушылық танытады, биіктігі жоғары, өйткені BTC слиптері $ 111K – Кокинтелрофа

24.05.2025

Эксклюзивті |Ол «ERAS» турнирі жабылды.Қазір бұл 1 миллиард доллардан асады.- WSJ

22.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ақсу ауданында тағы бір тігін шеберханасы ашылды

05.09.2022

Алматыда жер сілкінді

16.04.2023

Табыс әкелген «Eva төсеніштері»

31.01.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа