No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Sincere System Group қаржы пирамидасының мүшелері ұсталды

26.07.2023
Жаңалықтар
фото: ашық дереккөз

фото: ашық дереккөз

1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қаржы пирамидасын құруға және басқаруға күдік бойынша Sincere System Group (S-Group) компаниясының өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді Алматы қаласы бойынша АФМ департаменті бастады, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызметкерлер қала белсенділерінің қатысуымен компанияның қызметін ерте сатыда тоқтатты, бұл алданған салымшылардың санын азайтуға мүмкіндік берді.

S-Group компаниясының өкілдері салымшыларға айына 6%-дан 8%-ға дейін немесе жылына 70%-дан астам жоғары кірісті уәде етті. Салымның ең төменгі сомасы – 100 АҚШ доллары. Сондай-ақ, салымшыларды өзіне тартқан жағдайда соманың 5% мөлшерінде кепілдендірілген табыс алу көзделген.

Бұл ретте клиенттерге ақшаны қабылдау фактісін растайтын қандай да бір құжаттар мен шарттар ұсынылмады, салым сомасы жеке кабинетте цифрлық түрде көрсетілді, салынған қаражатты алу мүмкіндігі болмады.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

“Егер сіз және сіздің жақындарыңыз S-Group компаниясының қызметімен бетпе-бет келсе, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне немесе АФМ call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз”,-деп толықтырды АФМ баспасөз қызметі.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда темір өндірісі құлдырады

20.12.2022

БЖЗҚ маусым айынан бастап зейнетақы төлемдерін аудару туралы ақпаратты жоққа шығарды

30.05.2023

Күнбағыс майы өндірісі бір жылда 46%-ға өсті

24.11.2022

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа