No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Такси жүргізушілері мен курьерлер салық төлейтін болады

Қазақстанда такси жүргізушілері мен курьерлер ресми түрде жұмыспен қамтылғандар қатарына жатқызылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

05.12.2022
Жаңалықтар
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Еңбек нарығы либеризацияланады. Бұл икемді жұмыспен қамтылудың барлық түрін, оның ішінде платформалық жұмысты да тану дегенді білдіреді. Осы мақсатта тәуелсіз жұмыскер, яғни табыс әкелетін, еңбекпен айналысатын, бірақ тиісті уәкілетті органдарда «ресми мемлекеттік тіркеуі жоқ тұлға» ұғымы енгізілген. Егер тәуелсіз жұмыскерлер қызметін онлайн платформаларға қосылу немесе жария шарт жасасу арқылы атқаратын болса, онда бұл жұмыскерлер ресми жұмыспен қамтылды деп танылады», – деді министр.

Еңбек министрінің айтуынша, «Яндекс такси» платформасына қосылған такси жүргізушілері, «Яндекс GO» және «Glovo» онлайн платформасына қосылған курьерлер осы санаттағы жұмыскерлердің қатарына кіргізіледі.

«Бұл жұмыскерлер үшін онлайн платформа операторлары салық агенттері болып, арнаулы салық режимдеріне сәйкес жұмыскердің пайдасына салық төлемдері мен әлеуметтік жарналарды аударып отырады. Бұл жағдайда тәуелсіз жұмыскерлер жалдамалы жұмыскерлер сияқты республикалық бюджеттен, мемлекеттік әлеуметтік қорлардан және сақтандыру компанияларынан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы. Тиісті аударымдар болмаған жағдайда оларда заңдарда белгіленген ең төменгі мемлекеттік кепілдіктер ғана беріледі», – деді Тамара Дүйсенова.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

 Forte активтері 2,6 трлн теңгені құрады.

07.11.2022

Биылдан бастап ел жастары 5 млн теңге шағын несие ала алады

07.01.2023

Алматы облысында «Atameken Zhetysu» микроқаржы ұйымы арқылы 108 кәсіпкер несие алды

11.07.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа