No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ташкенттегі өзбек-қазақ бизнес-форумында $2,5 млрд тұратын келісімге қол қойылды

Биылғы 21 желтоқсанда Ташкентте өткен өзбек-қазақ өңіраралық бизнес-форумының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында жалпы сомасы $2,5 млрд болатын 40 құжатқа қол қойылды.

23.12.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Форумға екі жақтан 400-ден астам делегат қатысты. Бизнес-форум алаңында B2G, B2B кездесулер өткізіліп, ынтымақтастықтың жаңа бағыттары белгіленді.

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ қолдау бағдарламаларына қатысушылар жалпы сомасы $112,7 млн-ға 11 коммерциялық құжат жасасты. Олардың қатарында қазақстандық «Теміржол жөндеу» ЖШС компаниясы мен «Өзбекстан темір жолы» арасындағы Ангрен – Пап – Қоқан – Әндіжан – Савай учаскесінде темір жол жөндеу қызметтерін көрсету туралы келісім бар. Шарт бойынша келісімшарттық міндеттемелер $80 млн-нан асады. Бұдан басқа, Өзбекстан Республикасының денсаулық сақтау саласына жасанды интеллекттің көмегін енгізу туралы, қазақстандық компаниялардың алюминийден жасалған созба сым, ұн, алма шырындары мен дәмдеуіштерді экспорттауы туралы келісімдерге қол қойылды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен 1 400-ден астам кәсіпорын және сауда, кәсіптік және ғылыми қызмет, құрылыс, көлік, қоймалау және басқа да салаларда 400-ден астам бірлескен қазақ-өзбек компаниялары бар.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Алматы облысында бизнеске заңсыз араласқан 16 лауазымды тұлға сотталды

25.11.2022

Алматы облысында автокөлік құралдарына алым төлемей бастапқы тіркеудің 2 329 фактісі анықталды

22.07.2022

8 наурызға орай аналарға бір реттік жәрдемақы төленеді

06.03.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа