No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Текелі сүт зауыты өнім ассортиментін көбейтті

Отандық нарықта 70 жылдан бері іркіліссіз жұмыс істеп келе жатқан «Текелі сүт зауыты» жуырда стакандағы тұзды айран мен дәстрүрлі рецептпен құрт шығара бастады. Сөйтіп зауыттың шығаратын өнім түрлері оннан асты, яғни сары май, сүзбе, қаймақ, майлылығы әртүрлі сүт пен айранның қатары жаңа өнімдермен толықты. Сонымен қатар эксперимент ретінде «Сулугуни» ірімшігін өндіруді де қолға ала бастады. Алдағы уақытта балмұздақ шығаруды жоспарлап отыр,  деп хабарлайды  kazbusiness.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

19.08.2022
Жаңалықтар, Дара кәсіпкер
21
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кәсіпорын директоры Денис Дёнің айтуынша, жазғы маусымда зауыт өңдейтін сүттің көлемі тәулігіне 13 тоннаға жетеді, ал қыста бұл 7 тонна шамасында. Шикізат ретінде «Хильниченко», «Райманов», «СПК» сияқты ірі фермерлік шаруашылықтардан күніне 2 тоннадан 3,5 тоннаға дейін сүт қабылданады. Сол сияқты 100-ге тарта жеке ауладан да сатып алынады. Қабылданатын сүттің бағасы сапасына қарай 160 теңгеден 213 теңгеге дейін. Ол алдымен арнайы зертханада тексеріліп, 3 фильтрден өткізіледі, тек жарамды сүт қана ары қарай пастерлеуге жөнелтіледі.

Дайын өнімдер негізінен Текелі, Талдықорған және Алматы қалаларында саудаланады, сонымен қатар аздаған бөлігі Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында және Көксу ауданының Балпық би ауылында сатылады. Мәселен, өткен жылы бір айда Алматы қаласына Текелі сүт зауытының 3 тонна өнімі өткізілсе, биылғы жылы бір айда сатылған өнім көлемі 5 тоннаға жетіпті.

Кәсіпорынның іргесі 1953 жылы қаланған. Содан бері қандай қиын кезеңдерді бастан кешсе де, тоқтаусыз жұмыс істеді. Отыз жылдық тәжірибесі бар маманның бірі, технолог Валентина Курбак: «Зауытқа 1990 жылдары жұмысқа келдім. Алғашында шебер болып бастадым. Содан бері зауытты сақтап қана қоймай, өнім көлемін арттыруға да қол жеткіздік, мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпорынымыз жаңғыртудан өтті», – дейді.

2015 жылы зауыт «Өндіріс-2» мемлекеттік бағдарламасының «Даму» бағыты бойынша жеңілдікпен 171 млн. теңге несие алған.  Бұл қаржыға заманауи құралдар сатып алынды. Алынған заем қарызынан келесі жылы кәсіпорын толық құтылды.

– Сары май өндірісі қашаннан шығыны көп өндіріс саналады, сондықтан біз сары май үшін субсидия аламыз. Өздеріңіз қарасаңыздар, 1 келі май алу үшін 25 литрдей сүт кетеді. Қазір оның 1 кг дайындауға кететін шығын бізде шамамен 5300 теңге. Бұл электр энергиясын тұтыну мен жолға кететін шығындарды қоспағандағы есеп. Ал мемлекеттік қолдаудың көмегімен біз дайын майдың килограмын 4 мың теңгеден сатамыз. Әрине, бұл да арзан емес, бірақ біз өз өнімдеріміздің сапасына зор жауапкершілікппен қараймыз. Біздің майымыз – таза сары май, былайша айтқанда әжелеріміздің ешқандай қоспасыз табиғи жолмен дайындайтын рецептіндегідей дайындалады. Өкінішке қарай Талдықорған қаласындағы сауда дүкендерінде Текелінің майы деп 1600 теңге мен 2000 теңгенің аралығында сапасы төмен майларды саудалайтынын білдік. Сатушылардан неге олай жасайтынын сұрағанда, олар Текелі сүт зауытының майы десек, тауар тез өтеді дейді. Бірақ бұл біздің имиджімізге нұқсан келтіреді. Біз сапасыз өнім шығармаймыз , – дейді Д. Дё.

Директордың мәліметіне қарағанда, өткен жылдан бері зауыт ассортиментті көбейте түскен. Алдын ала жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысында халықтың тұзды айранға деген сұранысы көп екенін анықтаған.

– Өнімнің осы түрін шығару үшін қосымша құрылғы сатып алудың қажеті болмады. Тек рецепті таңдауға келгенде біраз ойландық. Алдымен оның бірнеше түрін жасап көрдік. Оған 3 айдай уақыт кетті. Ақыры дәмі неғұрлым үй айранына ұқсас түріне тоқталдық. Жаңа өнімнің құны – 90 теңге. Сол сияқты құрт шығара бастадық. Кәсіпорынға құрт жасауды жақсы меңгерген жергілікті әйелдердің бірін шақырып, ол үй жағдайында құрттың қалай жасалатынын түгелдей көрсетіп берді. Қазір құрт өндіруде ауқымды көлемге шыға қойған жоқпыз, «Аз болса да саз» дегендей, әзірше эксперимент түрінде шығарып жатырмыз. Әзірге дүкендерге әрқайсысында 30 құрт салынған пластик ыдыстарда өткіземіз, – деді зауыт директоры.

Кейінгі жылдары өнімнің сыртқы қаптамасына да көп көңіл бөліне бастады. Дизайнын Алматы қаласындағы жастар ұйымы әзірлеген. Бір қызығы, жастар жұмысты бастамас бұрын Текеліге арнайы келіп, өнімнің сапасына көз жеткізген. Алған жақсы әсерлері оларға дизайн жасауда жаңаша серпін берген сияқты. Соның нәтижесінде зауыт ұжымы бірнеше нұсқаның ішінде қызылды-жасылды түстермен көркемделген, Текелі тауларының шыңы мен сүт тамшыларын әдемі үйлестіре сызған дизайнға тоқталды. Ұжымның «иә», «жоқ» деп дизайн түрлеріне дауыс берген кезде көтерген плакаттары директордың кабинетінде әлі күнге тарих ретінде сақталып тұрған көрінеді.

Жалпы кәсіпорын сұйық өнімдерге арналған финпак пен пластик стакандарды Ресейден сатып алады. Қазір олардың бағасы 2-2,5 есе өскен. Жол тасымалының да шығындары бұрынғыдан едәуір ұлғайды. Сондықтан өнеркәсіптің іргесін одан әрі кеңейту үшін мемлекеттің қолдауы қажет дейді кәсіпорын басшысы.

Қазір зауытта 50 адам жұмыс істейді, олардың орташа жалақысы – 90 мың теңге. Жұмысшыларға тегін таңғы ас пен түскі ас беріледі.

– Біздің өнімдеріміз экологиялық жағынан таз болғандықтан, олардың сақталу мерзімі қысқа. Мәселен, сүт 5 күн, айран 7 күн сақталады. Біз әлі күнге дейін таза айранның ашытқысын пайдаланамыз. Текеліліктердің 90%-ы біздің өнімдерімізді тұтынады десем артық айтқандық емес. Өніміміздің көпшіліктің сұранысына ие болуы ата-бабаларымыздың дайындау тәсілінен алшақ кетпегенімізде шығар, – дейді жас кәсіпкер.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Visa “Бизнес-трамплин” байқауында үздік жобаға дауыс беру басталғанын хабарлады

21.07.2023

Bitcoin тағы 2022-стильді түрлендіргіші? Міне, сіз білуіңіз керек! – амбкрипто

06.05.2025

5:32 сериалына қатысты сот үкімі шықты

02.03.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа