No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тимоти Декстер қалай байыды?

21.12.2022
Жаңалықтар, Керек дерек
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Әркім өмірдегі сәттілікті әртүрлі елестетіп, түрлі жағдайда табысқа қол жеткізеді. Тимоти Декстер де қарапайым өмірден сәттілік іздеген адамдардың бірі болып қалар ма еді? Мүлде шындыққа жанаспайтын ақпараттарға да сенетіні арқылы ол табыстың шыңына шығады.

Қарапайым отбасыда ержеткен Тимоти банкроттық жағдайда еді. Тимотимен кешкі ас кезінде досы қалжыңдап,  Үндістанда колониялық аралдардың тұрғындары Библияға, қуыруға арналған табаларға және . жылы қолғаптарға өте мұқтаж екенін айтады.

Аралдардағы ауа-райының қанша градус ыстық екенін, ондағы дінді білмеген Тимоти «досына» идея жағынан көмектескені үшін алғыс айтып, әрекетке көшеді.

Ол Библияның 100 000-ға жуық данасын, мың тамақ қуыратын таба және жүз мыңға жуық жүн қолғап сатып алады. Мұның бәрін өзінің сауда кемесіне жеткізіп, сауда сапарына аттанады.

Сіз де Үндімстанға бұл тауармен аттану «банкроттыққа апарар жол» деп ойлайсыз ба? Дегенмен сәттілік оны тәрк етпеді. Ол кезде Англия билігі иелігіндегі Үндістан аумағындағы жергілікті тұрғындарға христиан дінін уағыздай бастайды. Сондықтан Библияның бар данасы қымбат бағада бір күнде сатылып кетеді.

Бір-екі күннен кейін португалдық сауда кемесі аралғакеп тоқтайды. Сібірге жол тартқан португалдық кеме аралдан тек жанармай мен азық алуды көздеген еді. Тимотидің қалың қолғаптарын көрген олар, қуана-қуана қымбат бағада сатып алады.

Ал тағам қуыратын ыдыстарды балық саудагерлері сатып алады. Олар бөлшектенген балық мүшелерін салып қоятын ыдыс ретінде қолдану үшін сатып алады.

Тимоти Ньюберипортқа өте бай саудагерлердің тізіміне еніп оралады. Бұрынғыдан да бай болып келген оған елдер қызғанышпен, жетістігін көре алмай қарайды. Нәтижесінде оның байлығын кемітетін жоспар ойластырады. Қаскүнем топ оған Ньюкаслға (көмір өндірумен әйгілі ағылшын қаласы) көмірі тасымалдауға кеңес береді. Бұл жолы да Тимоти ойланбастан жолға шығады.

Декстердің көмір тиеген кемелері айлаққа жеткенде, мұнда бір аптадан бері шахтерлердің ереуілі жүріп жатқаны белгілі болады. Ешкім жұмыс істемегендіктен портта көмір болмайды. Көмір алуға келген саудагерлердің бәрі басын тауға да, тасқа да соғып дал болып жатқандықтан, Тимотидің көміріне талас болады.

Тимоти өмірінің соңына дейін басқа кәсіпкерлер шығынға бататын жерден жетістікке жетіп өмір сүреді.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Финтех дегеннен хабарыңыз бар ма?

28.01.2023

Алматы облысында ауқымды жоба жүзеге асуда

30.01.2023

Дағдарыс кезінде кәсіпті қалай сақтап қалуға болады: Марғұлан Сейсембай кеңесі

24.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа