No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістанда ірімшік өндірісі қарқынды дамуда

 «AYKAN (АЙКАН)» ЖШС-  «Эмир» ірімшік брендімен танымал.  Компания Түркістан облысында «Қазақстанның үздік тауары»  көрме-байқауының өңірлік жеңімпазы ,  80-ге жуық  компания арасынан үздік болып шыққан, республикалық сынға жолдама алған, «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясын жеңіп алған. 

20.10.2022
Жаңалықтар, Дара кәсіпкер
5
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Оңтүстік Қазақстанда сыр-ірімшік өнімдерін шығарудың негізін алғашқы болып қалаған компанияның қадамы жыл өткен сайын ілгері басуда. Алғашқыда Шымкенттің Қаратау ауданы аумағында орын тепкен зауыт жұмысын 24 адаммен бастаса, қазір мұндағы жұмысшылардың саны 47-ге жеткен. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында , «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында», «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының көмегімен жеңілдетілген пайызбен несие алып  және инвестициялық субсидияға қолдау көрсетіліп, зауытқа модернизация жүргізіліп, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдық округіне сүт зауыты көшіріліп өз жұмысын бастады. Түркиядан құрылғылар әкеліп, табиғи сүтке қозының ұлтабар-мәйегін қоса отырып, түрік технологиясымен дайындалатын «Эмир» сырлары сапаның еуропалық стандартына сәйкес өндіріледі.

Сүтті Сайрам ауданының Қарабұлақ, Манкент, Қарамұрт елді мекендерінің тұрғындарынан жинайды. Жаңа өндіріс орнында тәулігіне 100 тонна сүт өндіріледі. 47 адам тұрақты жұмыспен қамтылған өндірісте түрік технологиясымен ірімшіктің 12 түрі шығарылып, Қазақстанның түкпір-түкпіріне таратылуда.

Тәуелсіз зертханаға қомақты ақша төлеп, әр он күн сайын өз өнімдерінің сапасын тексертеді. Содан да болар табиғи сыр-ірімшіктері сөреде ұзақ жатып қалған емес. Өнімдерінің сақталу мерзімі – 2-3 ай. Зауыттың ішінде фирмалық дүкен жоқ, дистрибьютерлері сауда орындарына шығарады. Сүт өнімдерінен ірімшік  дайындайтын компаниялар арасынан «Айкан» ЖШС-і 2017 жылы Қазақстан бойынша жалғыз халал сертификатына ие болған. Оны еліміздің сол кездегі бас мүфтиі арнайы келіп, Шымкенттегі орталық мешітте тапсырған екен.

Бүгінгі таңда өнімдер «Эмир» бренді ірімшіктермен танымал.

Заттай көріністегі өндірістің орташа көлемі 1 тонна. Заттай көріністегі сатудың орташа жылдық көлемі 1 тонна.

«Эмир» ірімшік брендімен шығарылатын өнім өндіру мен сақтаудың барлық санитарлық нормаларын мұқият сақтай отырып, ірімшік дайындаудың түрік технологиялары бойынша Түркияның жоғары Технологиялық жабдығында өндіріледі. «Эмир» ірімшігінің 12 түрінің әрқайсысында көптеген құнды дәрумендер бар: ақуыз, кальций, магний, — деп атап өтті мекеме басшысы Алмагүл Айкан.

Мешітке, мүгедек балаларға, тұрмысы төмен отбасыларға, ҰОС ардагерлеріне әрдайым демеушілік көмек көрсетіп отырған кәсіпорынның негізгі кәсіпкерлік тұжырымдамасы қоғам өміріне белсенді қатысу болып табылады. Олар қаржылық немесе басқа да көмек көрсететін қызмет саласына қарамастан және әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етуге ат салысуда.

Компания өнім желілерін кеңейте отырып, белсенді дамуда. Компаниялардың атауы мен «Эмир» сауда белгісін тұтынушылар оңай таниды, ал өнімнің жоғары сапасы сатып алушылардың сенімін тудыратын брендпен қамтамасыз етіледі.

2013 жылдан бері  — «Қазақстанның үздік тауары», «Оңтүстік Қазақстан бизнесінің мақтанышы», «Озат сүт өңдеуші», «Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеудің үздігі», «Үздік халал кәсіпорын» және т.б. бірнеше марапаттауларға ие «AYKAN (АЙКАН)» ЖШС кәсіпорны облысымызың экономикасына өз орасан зор үлесін қосуда, — деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасынң директоры Асылан Ибадуллаев.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Кәсіпкерлердің «Атамекеннен» басқа баратын жері жоқ- Жаңабай Бекішов

13.11.2022

«EMS-Kazpost» жайлы не білесіз?

21.12.2022

Аmazon.com интернет-компаниясының негізін қалаушы Джефф Безостың ұстанымдары қандай?

02.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа