No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістандық шаруалар Нұр-Сұлтанда өтетін жәрмеңкеге 500 тоннадан астам өнім жіберді

Айбарлы Ата заң күніне орай, 27-28 тамыз күндері Елордада үркістан облысының тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

25.08.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Аталған жәрмеңкеге қатысуға Түркістан облысының 71 тауар өндірушінің ауыл шаруашылығы өнімдері жөнелтілді.  40 жүк көлігіне артылған өнімдер Астана төрінен орын алмақ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәрмеңкеде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына құны 478 млн. теңгені құрайтын 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері 15-20% төмен бағада ұсынылады. Атап айтсақ, жәрмеңкеге 113,5 тонна ет және ет өнімдері, 165,5 тонна көкөніс, 23 тонна картоп, 72 тонна сүт өнімдері, 69 тонна бақша өнімдері, 34 тонна жеміс-жидек, 8 тонна бал, 31 тонна жеміс шырындары мен консервіленген өнімдер, 11 тонна балық, 20 мың дана жұмыртқа және 2 тонна нан өнімдері жіберілді.

– Бүгінде Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді. Биыл 7 айда ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 338,9 млрд. теңгені құрап, 104,4 пайызға арты. Республикадағы үлесі 14,2 % – 1 орын. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 30,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, 102,7пайызға ұлғайды. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында құны 6,5 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске қосылды,- делінген хабарламада.

Ауыл шаруашылығы дақылдары 859,9 мың гектарға орналастырылып, дала жұмыстары толығымен аяқталды. Өткен жылдан 14,4 мың гектарға ұлғайды. Бүгінгі күнге 428,5 мың тонна дәнді дақыл, 325 мың тонна картоп, 1042 мың тонна көкөніс, 1513,8 мың тонна бақша өнімі және 110 мың тонна жеміс-жидек жиналды.

Тамшылатып суғару әдісі қосымша 2,8 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 28,9 мың гектарға жетті. 85,5 гектар жылыжай салынып, жалпы көлемі 1494 гектарды құрады.

Өңірде мал шаруашылығы дамып, мал басы артқан. Сәйкесінше ет өндірісі 1 пайызға артып 123,8 мың тоннаға жетті. Сүт өндірісі 492 мың тонаға жетсе, жұмыртқа өндірісі 10,6 пайызға артып 152,8 млн. дана өндірілді. Елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75 пайызы, қой етінің 40 пайызы – Түркістан облысының үлесінде. Биылғы 7 айда 8032 тонна ірі қара мал еті, 2964 тонна қой еті және 566 тонна құс еті экспортқа жөнелтілді.
Жалпы биыл Түркістан облысында 1 трлн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жоспарланып отыр.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Дағдарыс кезінде кәсіпті қалай сақтап қалуға болады: Марғұлан Сейсембай кеңесі

24.10.2022

Ньюкарктің кешігуі әуе қозғалысының контроллері, ұшақтармен байланысын жоғалтқаннан кейін, олардың бақылауымен кетеді – CNN

07.05.2025

Starbucks кофехананың брендке айналу жолы қандай?

18.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа