No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кедейлікке тән 5 белгі

01.01.2023
Жаңалықтар, Керек дерек
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook
Евгений Дейнеконың мақаласы бойынша, кедейге тән әдеттерді теріп жаздық. Алғашқы бесеуін оқып көріңіз.

Кедейге тән бірінші әдет: Кедей ылғи кінәні біреуге телиді. Әріптестерін, бастығын, жүйені, әке-шешесін, әйтеуір өзінен басқаның бәрін кінәлайды. Сондықтан ешқашан болған жағдайдан сабақ алып, дұрыс қорытынды жасай алмайды. Мойнына жауапкершілік алу дегенді білмейді. Осы жыл басталғалы болған сәтсіздіктерді есіңе түсір де, соған өзіңнің кінәң қаншалық болғанын ойлап көр.
Бір қызығы, кез келген сәтсіздікте өзіңнің кінәң болады. Өзгермесең, жағдайды өзгертпесең, ондай сәтсіздіктер қайталана беруі мүмкін.

Кедейге тән екінші әдет: Уақытты созу. Кез келген кедей ертең бірнәрсе істеуге дайын. Тек бүгін емес. Бұл еріншектің ертеңі емес. Қорқақ кедейдің ертеңі. Шындығында ол ешқашан істемейді. Кейін істеймін деп өзін-өзі алдайды. Жақсы идеяларын да жүзеге асырмайды. Істегісі келетін нәрсені ешқашан істемей жүре береді. Бірақ оған да кінәлы адамды табады. Кейінге қалдырып жүргенін біреуден көреді. Бәйгеде үш орын қойылса, төртінші келген атқа ештеңе бұйырмайтынын ұмытпа. Сол үшін әрбір күн, әрбір сәт маңызды. Ерініп те, қорқып та ештеңені кейінге қалдырма.

Кедейге тән үшінші әдет: Өзгерістен қорқу. Жаңа нәрседен қашу. Айлығын көтеретін, жұмысын өсіретін, кәсібін дөңгелететін жаңалықтардан алыс жүреді. Жаңа нәрсе үйреніп, өз-өзін дамытып, тәуекелдерге барудың орнына тұрақты айлық, тұрақты қызмет, тұрақты табыс дегенді тәуір көреді. «Тәуекел түбі — жел қайық, өтесің де кетесің».
Егер тәуекел ету шешім қабылдай алатын адамға ғана тән десек, онда шешім қабылдай алатын адам ғана жақсы маман, мықты менеджер, табысты кәсіпкер бола алатынын ұмытпайық.

Кедейге тән төртінші әдет: Тегін оқу. Немесе мүлде білімге ақша жұмсамау. Интернетте бар тегін видеоларды көріп, месенджерден келген қысқа мәтіндерді оқып, содан бірнәрсе білдім деп өзін-өзі алдап жүре береді. Ақша жұмсап, жүйелі түрде білім алудан қашады. Тіпті көбісі білімді керек деп ойламайды да. Оқып жүргендерге күледі.

Кедейге тән бесінші әдет: Барлық тегін нәрсеге жүгіру. Қолынан келсе басқалардың еңбегін пайдаланады. Қарыз қайтармайды. Керексіз болса да тегін нәрсе берсе, ала салады. Бай адам әр нәрсенің құны бар екенін біледі. Тегінге жүгірмейді. Кедей үшін ештеңенің құны жоқ. Оның ұғымында ең құнды нәрсе – тегін нәрсе.
Осы әдеттерден құтылмайынша сіз кедейліктен құтылмайсыз.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Биыл Алматы облысының жастары үшін 10-нан аса жаңа жоба іске қосылады

26.02.2023

Елде балық және теңіз өнімдерінің бағасы 24 пайызға көтерілді

25.11.2022

Қаратал ауданында Іскер әйелдер кеңесі бас қосты

14.06.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа