No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тұтынушы, өз құқығыңды білесің бе?

15.12.2022
Жаңалықтар, Керек дерек
3
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Тұтынушы белгілі бір техникалық затты сатып алған соң тексеруден өткеннен кейін, талғамы мен мөлшері сәйкес келмеу жағдайлары көп орын алады. Осы орайда затты өткізіп, ақшасын қайтару туралы мәселе туындайды. Осындай жағдай орын алғанда не істеуге болады. Бұл сұраққа Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары жауап берді, деп жазады kazbusiness.kz тілшісі.

Жоғарыда аталған мәселеге Талдықорған қаласының тұрғыны азаматша А. тап болды. Ол каладағы сауда үйлерінің бірінен тұрмыстық техника дүкенінен үтік сатып алды. Алған тауарының сапасы ұнамағаннан кейін қайтаруға шешім қабылдайды. Алайда сатушы тауарды қайта алудан жəнеде ақшасын қайтарып беруден бас тартты.

Осы мәселені өзара шешімін табылмағандықтан, тұтынушы өз құқығын қорғау үшін Жетісу облысы бойынша «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне» жүгінді.

Департамент тауарға қатысты материалдармен танысып, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» туралы заңдары бойынша түсіндірді. Осылайша тұтынушыға Департаментінің көмегімен өз құқығын қорғау жұмыстары жүргізілгеннен кейін тұтынушы өз құқығын қорғап, алған тауарын қайтарып, толықтай ақшасын қайтарып алды.

Одан бөлек қаланың Б. есімді тұрғыны тұрмыстық техника дүкенінен өзіне тоңазытқыш сатып алды. Тауарды үйге әкелгеннен кейін біраз уақыттан кейін техниканы іске қосады. Келесі күні тоңазытқыштың жөнді жұмыс істемейтінін байқайды.

Осыдан кейін тауар кепіл бойынша дүкенге кері қайтарылды. Ол жерде сатушы тауарды техникалық және зауыт ақауларына тексеру жүргізу қажет екенін түсіндіреді. Тексеріс тексеру орталығында 30 күнтізбелік күнтізбелік күнге дейін екенін де айтқан.

Сатып алушы тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаментке дүкеннің іс-әрекетінің дұрыс-бұрыстығын анықтау мақсатында жүгінеді. Департаментте істің мән-жайымен танысып, «Тұтынышулар құқығын қорғау» заңы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Заңның 30-бабы, 2-бөлігіне сәйкес, «Егер сатып алынған тауар техникалық регламенттер және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сай болмаса, яғни сатылған тауардың жарамдық мерзімі өтіп кеткен, нұқсан келтірілген немесе бүлінген болса, тауарларды сатып алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде алмастырылады немесе қайтарылады».

Тағы бір айта кетерлік жайт, сатып алу туралы түбіртек қандай маңызды рөл атқаратынын есте сақтау керек, себебі онсыз тауарды қайтару немесе айырбастау қиынға соғады. Алайда сатып алу фактісін растайтын куәгер немесе чек болмаған жағдайда фотосуреттер мен бейнежазбалар арқылы дәлелдеуге болады. Супермаркетте немесе басқа да сауда орындарында күзет қызметкерлерінің фото және бейне түсіруге тыйым салуға құқығы жоқ.

Сіз «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, ұялы телефоныңыз немесе басқа құрылғыға тауарларды және бағаларды еркін түсіре аласыз. Сонымен қатар сатып алушыға баға белгісі (ценник) нақты қай өнімге тиесілі екенін түсіну қиынға соғатындай етіп қойылатын кездер де көп кездеседі. Кассаға ақысын төлеу кезінде тауардың құны көрсетілген бағамен сәйкес келмейтін жағдайларда сатушы тауарларды витринада көрсетілетін сомада сатуға міндетті.

Супермаркеттердегі бағалардан шатасу тұтынушылардың алдануының жиі кездесетін түрі болып табылады. Әдетте әкімшілік мұны тауарлардың үлкен түсіміне байланысты баға тізімін уақытында өзгерту мүмкін еместігімен түсіндіреді, ал тауарлардың жаңа бағасы компьютерге енгізіліп қойылады. Бұл жағдайда сатып алушы қандай бағада сатып алуға құқылы, ал сатушы қандай бағада тауар сатуға міндетті?

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 24-бабы 12-тармағына сәйкес, сатушы сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылған тауардың құнын бағалар заттаңбасымен ресімделген сомада көрсетуге міндетті болып табылады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес, тауарларды белгілі бір бағамен сатып алу туралы ұсыныс сатушының ашық ұсынысы, яғни баға белгісі ашық ұсыныс болып табылады және сатушы осы ұсыныста көрсетілген баға бойынша тауарларды сатуға міндетті. Бұдан шығатыны, тұтынушы қатаң түрде баға белгісі бойынша төлеп, артық төленген сома оған қайтарылуы керек.

Мұндай жағдайларда дүкендерде көбінесе сатып алушыға тауарды және төленген соманы қайтаруды ұсынады. Бірақ тұтынушы бұл жағдайда тауарсыз, ал сатушы жазасыз қалады. Тауарды баға белгілеуінде көрсетілген сома бойынша сатып алуға құқылы екеніңізді дәлелдеу керек. Сатушы сіздерге бағаның айырмасын қайтаруға міндетті.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Алматы облысында 150 түрлі  медициналық препарат шығарылады

28.07.2022

Бизнес салымдары бойынша көшбасшы банктер қандай?

26.09.2022

Ақтауда тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі адамдар еңбек ететін сұлулық салоны ашылды

23.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа