No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұйғыр ауданы: Туристерге көрсетілген қызметтің көлемі 538 млн теңгеге жетті

Өткен жылы Ұйғыр ауданының табиғатына тамсанып келген туристер саны 116 мың адамды құрады, оларға көрсетілген қызметтің көлемі 538 млн теңгеге жетті. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 413,6 миллион теңгеге артық екенін көрсетті. Яғни, туристерге көрсетілген қызмет көлемі 30%-ға өсті деген сөз. Бұл туралы Алматы облысының әкім і Марат Сұлтанғазиев Ұйғыр ауданының халқымен кездесуі кезінде мәлімдеді.

13.10.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жалпы ауданда келуші жұрттың көзі қызығатын жерлер өте көп. Мәселен, 2020-2021 жылдары жалпы құны бір миллиард теңгеге жуық инвестицияға «Дария», «Комфорт», «Жемчужина» және басқа да термалды бұлақтарда демалыс орындары пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Назугум үңгірлері, Ағаш көліде туристер үшін аса көркем мекен екені жасырын емес.

«Шарын локациясында туристік кластерді дамыту «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әлеуетіне негізделген, реликті күл тоғайы, Шарын өзенінің каньоны, термалды бұлақтар, бұл облыс аумағында туристерді қызықтыратын көркем жерлер»-деді Марат Елеусізұлы.

Облыс әкімі, түрлі туристік ресурстардың болуын былай қойғанда, өңірдегі қолайлы климаттық жағдайлар туристерді қыста да, жазда да қабылдауға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.

Оның айтуынша, халықаралық туризм «алтын жұмыртқа салатын тауыққа» айналған.

Қазіргі уақытта Ұйғыр ауданының аумағында 170 жылу ұңғымалары мен 55 орналастыру орындары бар. Бүгінгі күні, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп «Шарын» ұлттық саябағына «Qazaq Geoqraphy» зәкір инвесторы тартылды, ол экотуризмді дамыту бойынша 5 миллиард теңгеден астам сомаға инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Осыған байланысты өңір басшысы жиын соңында, өзінің орынбасары Арслан Дандыбаевқа, Мемлекеттік кірістер департаментіне, туризм, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларына аудан әкімімен бірлесе отырып, туризмді дамыту мәселелерін, құрылыс және реконструкциялау бойынша жоспарланған нысандарды уақытында аяқтауды ерекше бақылауға алып, туризмнен түсетін салық түсімдерінің дұрыс есебін жүргізуді тапсырды.

Байланысты Материалдар

Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды

05.06.2023

ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

05.06.2023

Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

05.06.2023

Алматыда полицей әріптесінің қолынан қаза тапты

05.06.2023

Мемлекет ауылдардың дамуына 200 млрд теңге бөлді

05.06.2023

Алматы облысындағы мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылған

05.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Қызғалдақ жұлғандар он миллион теңге айыппұл арқалайды

07.04.2023

Қызылордада қызанақ пастасын шығаратын зауыт салыну жоспарлануда

26.09.2022

Қазақстанда жыл басынан бері 950 мың тоннаға жуық ет өндірілді

01.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды
  • ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
  • Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа