No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үкімет Ақтау қаласы мен маңындағы ауыл үшін 3,7 млрд теңге бөледі

05.05.2023
Жаңалықтар
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Үкімет резервінен Ақтау қаласы мен қалаға жақын маңдағы ауыл тұрғындарын жылу және газбен қамтамасыз ету үшін 3,7 млрд теңге бөлінеді. Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

“Үкімет “Жаңаөзен-Ақтау” газ құбырынан автоматтандырылған газ тарату стансасы орнатылатын магистральдық газ құбыры құрылысын аяқтау үшін өз резервінен 3 млрд 695 млн 925 мың теңге бөледі”, – делінген ресми хабарламада.

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде Ақтаудың солтүстік бөлігі қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысы жүріп жатыр.

“Биыл қаланың кеңейіп келе жатқан бөлігін жылумен қамту мақсатында бірқатар блок-модульді қазандықтарды орнату және екі жаңа қазандық салу жоспарланған. Жаңа қуат көздері газбен жұмыс істейтін болады, осыған байланысты тиісті инфрақұрылымды кеңейту қажет”, – деп атап өтті үкіметтен.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы ұзындығы 52 шақырым болатын жаңа газ құбыры Ақтау қаласындағы жаңа шағын аудандардың, Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе, Дәулет, Баянды ауылдарының, сондай-ақ Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мен Сайын Шапағатов ауылдарының 150 мыңға жуық тұрғынын жылумен және тауарлық газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

“Жоба құрылысы Каспий энергетикалық хабының сыртқы инфрақұрылымын дамыту аясында жүргізіліп жатыр”, – деп қоса кетті үкіметтен.

Байланысты Материалдар

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Таратылған 9 банк салымшылары ақшасын ала алды ма?

27.08.2022

Отандық техниканың озығы – «DAUSCHER»

18.11.2022

ҚР-да РОП операторының ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелендіруін іске қосады

15.07.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
  • Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа