No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық палатада қандай трансформациялар жүзеге асады?

10.10.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ұлттық палата басшысы Райымбек Баталов ҰКП Төралқасының бірден үш комитеті мүшелерімен кездесіп, Палата жүргізіп жатқан трансформация туралы айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰКП алаңында геология саласы, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі, мұнай-газ өнеркәсібі комитеттері мен энергетика комитетінің бірлескен отырысы өтті.

Трансформация бойынша жұмыс 2022 жылдың қаңтарында басталды. Ол кезде Палатада өңірлік кеңестер, салалық қауымдастықтардың өкілдерінен 90 адамнан жұмыс тобы құрылды.

Жалпы 42 мәселе бойынша ұсыныстар жиналды, олар 4 блокқа бөлінді: тұжырымдамалық, мүшелік жарналар, Төралқа мен комитеттердің қызметі, ҰКП орталық аппараты және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қызметі.

«Топтың жұмысына көңілі толмағандар бар, өйткені барлық ұсыныс енгізілмеген. Сондықтан, жаңа команда жұмысқа кіріскеннен кейін біз кестеге барлық ұсынысты жинадық, олар талданып, бизнес, комитеттер және Төралқамен бірлесіп, бірнеше рет талқыланды», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

«Біз жұмыс тобының 71%-ы жарналарды төлеудің қолданыстағы тәртібіне, атап айтқанда ҰКП арқылы төленуіне дауыс бергенін көріп отырмыз. Мен өзім салалық қауымдастықтар арқылы төлем жүргізілгенін қолдадым, бірақ жұмыс тобы мүшелерінің көпшілігі өз бетінше жинай алатынына сенімді болмады», – деді спикер.

Сонымен қатар «Атамекен» ҚР ҰКП мемлекеттік қызметтерден бас тартып жатыр. Райымбек Баталовтың пікірінше, Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік бюджеттен тәуелсіз болуы керек.

 «Бұған дейін Палата бюджеті 11 млрд теңге бюджет қаражаты және 7 млрд теңге – міндетті мүшелік жарналардан құралған. Бұл тармақ бойынша біз бірнеше қызметтен бас тарттық. Мысалы «Бастау бизнес» жобасы Палата қорына 2,2 млрд теңге әкелетін. Қазір біз Палата кірісінде мемлекеттік бюджет үлесін 20 пайызға дейін қысқартып жатырмыз», – деді спикер.

Жиында 51 адамнан тұратын Төралқаның құрамын азайту, атап айтқанда Парламенттің 16 депутаты мен қоғам қайраткерлерін қысқарту және одан шығару ұсынылды. Сондай-ақ, аккредиттелген қауымдастықтардың өкілдерін босатып,  тек комитет төрағаларын қалдыру ұсынылды:

«Көпшілік өкіл емес, төраға үшін дауыс берді, егер ол сала үшін жауапты болса,  Төралқа құрамында болуы керек».

Kazenergy мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы комитеттің өзі төралқаға кімді тағайындау керегін анықтауы тиіс деген позицияны білдірді.

Талқылау барысында ҰКП басшысы Төралқа төрағасы, комитеттердің, сондай-ақ Төралқа мен басқарма мүшелерінің өкілеттік мерзімдерін қайта сайлау құқығымен 2 жылға дейін қысқарту жөнінде ұсыныс айтты. Жеделдік мақсатында Төралқаға Съездің өңірлік кәсіпкерлер палаталарын құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және өңірлік кеңестердің сандық құрамын бекіту сынды өкілеттіктерін беру ұсынылды.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қылорлалық кәсіпкерлер 2,5 пайызбен несие алуға дайын ба?

25.12.2022

Нәрестеге хиджама жасағандар жазаланды

15.02.2023
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық банктер бизнеске көбірек кредиттер бере бастады

04.08.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа