No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық палатаның мемлеке бюджетінен бас тарту себебі белгілі болды

01.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметінде республикалық бюджеттен қаржыландыру үлесін азайту үрдісі бірнеше жыл бұрын басталған. Мемлекеттік бюджетті едәуір қысқарту 2022 жылы Ұлттық палата басшысы ірі жобалардан бас тартқан кезде болды.

Ұлттық палатаның басқарма мүшесі Бауыржан Оразғалиевтің айтуынша, бұл жайт, ең алдымен, кәсіпкерлер палатасының келіссөздер жүргізу функциясына байланысты. ҰКП бизнес дамуына қолайлы жағдай жасап, консалтингтік қызметтер нарығында дәнекер болуы керек. Яғни нарықтың стандарттары мен ережелерін анықтауға қызығушылық танытуы тиіс. Ал қалғанын кәсіпкерлік орта іске асыруы керек:

«Басты идея – нарықты біртіндеп дамытып, функционалды беру болған. Мысалы, білім беру бағдарламаларының рейтингі туралы айтатын болсақ, бұл бағытта «Атамекен» төреші рөлін атқарады. Ұйымдардың осындай жұмысқа қатысатыны әлемдік практика. Өйткені бизнес жоғары деңгейлі мамандарға қызығушылық танытады», – деді ол.
Сонымен қатар ҰКП сарапшылары жыл сайын мыңнан аса сараптамалық қорытынды береді. Оларды әзірлеу кезінде мүдделер қақтығысы орын алмауы керек.

«Егер сараптамалық қорытынды министрлікке қажет болса, онда біз тәуелді жағдайға түсеміз. Әрине, біз бизнестің мүддесіне өкілдік етеміз, бірақ мемлекеттік органның талабын да ескереміз», – деді Бауыржан Оразғалиев.

Қазіргі кезде ҰКП бюджетіне мемлекеттік қаражаттың үлесі небәрі 15 пайызды құрайды – 1,3 млрд теңге. 2019 жылы бұл сома 72 пайызды құрап, 13 млрд теңге болды. Мемлекеттік қаржыландыру үлесінің төмендеуіне қарамастан «Атамекен» ҰКП әзірге мемлекеттік бағдарламалардан толық бас тарта алмайды.

«Палатада қалған жобалардан түсім жоқ. Біз бұл жобаларға филиалдық желіге байланысты серіктес ретінде қатысып жатырмыз. Мысалы, ҰКП бизнесті қаржылай емес қолдаудан бас тартатын болса, ертең ақпаратқа қолы жетпей отырған ауыл тұрғыны қолдаудың бұл құралынан айырылып қалады. Бұдан бөлек, бағдарламаны іске асыруға бөлінетін бюджеттің 90%-ы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге жұмсалады», – деп түсіндірді спикер.
Бүгінде кәсіпкерлер палатасы мына құралдар: қаржылай емес қолдау, «Іскерлік байланыс» жобасы, білім беру бағдарламаларының рейтингі, «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауы бойынша жұмыс істейді.

Айта кетейік, бұған дейін «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы міндетін атқарушы Райымбек Баталов салалық комитеттердің жиындарында ҰКП мемлекеттік бюджетке тәуелді болмауы керегін мәлімдеген болатын.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Yahoо корпорациясының жетістікке жету тарихы қандай?

12.12.2022
bussinessman at office looking an online petition on a web. All screen graphics are made up.

Кәсіпті нөлден қалай бастауға болады?

26.12.2022

Сбербанк тағдыры: қазақстандық ірі холдинг сатып алды

23.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа