No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Ұлы Отан соғысы емес, Екінші дүниежүзілік соғыс” – ТАРИХШЫ

09.05.2023
Жаңалықтар
70
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бүгінгі күні қазақ қоғамында өткен ғасырдағы қанды жылдарды “Ұлы Отан соғысы” не “Екінші дүниежүзілік соғыс” деп атау туралы дау туындап жүр. Бұл туралы el.kz-ке берген сұхбатында тарих ғылымдарының докторы Ахмет Аққали Қабижанұлы да пікір білдірген, деп хабарлайды kazbusiness.kz

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Аққали Ахметовтың айтуынша, ХХ ғасырдың ортасындағы бұл оқиғаны Екінші дүниежүзілік соғыстан бөліп, жеке Ұлы Отан соғысы ретінде қарастыруға болмайды.

– Бұл соғысты қазір тарихшылар, Ұлы Отан соғысы деп айдарлап жүрсе де, менің түсінігімде, бұл соғыс Ұлы Отан соғысы емес, Екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бір бөлігі. Олай айтататын себебім – Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылғы 1 қыркүйек күні басталғаны белгілі. Фашистік Германия Польшаға соғыс ашып, сөйтіп, дүниежүзін соғыс өрті шарпыды. Ал Кеңес Одағы 1940 жылғы қараша айында көрші жатқан Финляндияға қарсы соғыс ашты. Бұл соғыс жайлы көп айтылмайды да. Бұл қысқа соғыс болды. Дегенмен бұл соғыс Финляндия елінің рухын түсіре алмады. Себебі Кеңес Одағы бұл соғыста өзінің армиясы нашар қаруланғанын, соғысқа дайын емесін көрсетті. Оны айтып жатқан себебім – бұл соғысқа да қазақтар  қатысты, қолға түсті, – деп түсіндіреді тарихшы.

Сондай-ақ ол “қазақтар да соғысқа өз еркімен алынды” деген сөз кеңес үкіметінің идеологиялық шеңберінде айтылды деп санайды.

– Ал енді Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақтардың өз еркімен баруы, бір-екі азаматтар енді соғысқа барамыз деп арыз жазуы мүмкін, ал тұтас жаппай халықтың ол соғысқа өз еркімен баруы мүмкін емес еді. Сол сияқты,  қазақтар да соғысқа өз еркімен алынды деген ол Кеңес үкіметінің идеологиялық шеңберінде айтылған сөздер. Шындығында, Кеңес Одағы кезеңіндегі шекарада, кеңес армиясының құрамында қызмет етіп жатқан қазақтар сол соғысқа қатысты. Ал қанша қазақтың қатысқаны жөнінде әлі күнге дейін бір түйін жоқ. Ал, шынына келгенде, ресми деректерге келетін болсақ, 1941–1945  жылдар арасындағы алапат соғысқа қазақстандықтардың 1 млн 250 мыңнан астам адам соғысқа шақырылған. Ал, оған қоса, сол соғыс басталғанға дейін де қызыл әскер қатарында 178 мың азаматымыз қызмет етіп жатқан болатын. Сонда Қазақстан бойынша майданға барлығы, армияда қызмет етіп жатқан, армияға алынғандардың санын қосқанда, 1 млн 378 мыңнан астам жауынгер жұмылдырылған. Ал бұл мобилизация, жұмылдыру коэффициентіне тоқталатын болсақ, 22%-ды құрайды екен. Шындығына келгенде, бұл бұрынғы одақтас республикалардың арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш екені айқын. Себебі Орта Азиядағы ұлттардың ішіндегі көпұлтты ел біздің қазақтар еді. Бұл соғыс қазақтар үшін өте ауыр болды, себебі қазақтардың өлімі өте көп болды, – деп атап өтті таришы.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда ет өнімдері қымбатттады

09.11.2022

Бюджетке шамамен 15 трлн теңге кіріс түсті

21.11.2022

Алматы облысында дәрігер медициналық орталық ашты

24.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа