No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Ұмай” ипотекасына өтініштерді қабылдау тағы да басталмай жатып бітіп қалды

19.07.2023
Жаңалықтар, Kazbusiness, Әлеумет
37
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бүгін “Отбасы банк” АҚ-ның “Ұмай” әйелдер ипотекасына өтінімдер қабылдау басталды. Бір қызығы бөлінген қаражат жарты күннің ішінде игерілді. Десе де, халықтың ризашылығынан наразылығы басым, деп жазады kazbusiness.kz.

18 шілде күні “Отбасы банк” елімізде әйелдерге арналған “Ұмай” ипотекалық бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталатынын хабарлаған. Бірақ белгіленген лимит жарты күнге жетпей толды. Ведомство осыған байланысты өтініш беруді жабуға мәжбүр болғанын инстаграм парақшада хабарлады.

“Ұмай әйелдер ипотекасы бойынша қолайлы шарттар банк бөлімшелерінде үлкен сұраныс тудырды.
Күннің бірінші жартысында несие беру лимиті толықты, өкінішке орай, біз бүкіл Қазақстан бойынша өтінімдерді қабылдауды жабуға мәжбүрміз”, – делінген “Отбасы банк” хабарламасында.

Десе де әлеуметтік желі қолданушыларының пікіріне қарағанда ешкім ипотека рәсімдеп үлгермеген. Әйтеуір бір қиындыққа тап болған көрінеді. Мысалы Индира Рахман банкке барғанша бөлінген қаржы лимитінің бітіп қалғанын жазған.

“Видеозвонокпен болады деп айтылып еді. 3-4 рет видеоқоңырау шалып, кезекте 10 адам қалғанда, автоматты түрде 64-65 адамға жылжып отырды. Содан соң видеозвонокпен болмайды, бөлімшеге бару керек дедіңіздер. Бөлімшеге барсақ, лимит таусылған. Өкінішті, қызмет көрсету сапасы ақсап тұр”, – деп жазды ол.

Сонымен қатар Гүлсім Досанова есімді желі қолданушы да өз наразылығын білдірген. Қызмет көрсету сапасының ақсап тұрғанын да айтқан. Видеоқоңырау арқылы рәсімдеуге болады деп сол арқылы кезегін күткен. Айтуынша, кезегін сағаттап күткен.

“Қызмет кімге көрсетіліп жатқаны белгісіз, тек онлайн қабылданады деп заявка алып қалды. Сонда да бөлімшеге бронь жасадық, екі жақтап көре берейік деп. Видеоқоңырауларға жауап берілмеді. Сағаттап күтіп отырдық. Ал банк бөлімшесі лимит бітті деп қайтарды. Жаттанды жауап жазудың қажеті жоқ, әділ жұмыс жасаңыздар. Таныс-туыстарыңызға ипотека рәсімдеу арқылы лимитті тауыспай”, – деп наразылығын білдірген.

Сонымен қатар ол кезектің көп болмасы үшін жасау керек әрекеттерді де тізіп шыққан. Кезек көп болмас үшін предквалификацияны ертерек жасатып, тек мақұлданған кезде өтінімді онлайн қабылдау керек деп жазды Гүлсім Досанова.

Барлық наразы пікірлерге жауап та жазылған. Барлығына дайын бір жауап қайтарылған. Банк операторларының жазуынша, “Ұмай” әйелдер ипотекасы бойынша қолайлы шарттар банк бөлімшелерінде үлкен сұраныс тудырған. Осыған байланысты күннің бірінші жартысында несие беру лимиті толыққан.

“Өтінімдерді қабылдау үшін бөлінген транш қалдықтары пайдаланылды. Өтінімдерді қабылдау Алматы, Астана, Атырау, Ақтау қалаларынан басқа еліміздің барлық қалаларында болды”, – делінген оператор жауабында.

Шолпан есімді желі қолданушысының жазуынша, таңғы 7.50-де банк бөлімшесіне барған екен.

“7.50 бардым. Кезекпен кірдім. Менеджер алдында 1 сағат отырдым. Лимит бітіп қалды деді. Менеджер 1 сағат бойы жауап ала алмай отырды. Түсініксіз”, – деп жазды ол.

 

Байланысты Материалдар

AI Execes реттеуді талап ету үшін қолданылады.Бұдан былай емес.- Washington Post

10.05.2025

Қытай бамперге сәуір айында For Financial Times-пен шешуші сауда келіссөздерінен бұрын экспорттайды

10.05.2025

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Орман өртінен зардап шеккен кәсіпкерлер саны қанша?

14.09.2022

Amazon компаниясы қалай құрылды?

24.11.2022

Енді курьер мен таксист те салық төлейді

26.04.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа