No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Заманауи сауда форматтарының үлесін 2027 жылға қарай 70%-ға дейін арттыру көзделген 

ҚР Үкіметінің отырысында Президент Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын және 2022 жылғы 12 желтоқсандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Азық-түлікті саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларды іске асыру туралы сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев баяндады.

20.12.2022
Жаңалықтар
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Мемлекет басшының бағаны тұрақтандыру тапсырмаларына сай Сауда және интеграция министрлігінің қызметі азық-түлік өнімдерін өндіру мен бөлудің біркелкі жүйесіне, сауда инфрақұрылымының жұмысына негізделген.

Біріншіден, «форвардтық сатып алуды», тұрақтандыру қорларын пайдалану, «айналым схемасы» механизімін қайта форматтау арқылы нарықты отандық тауарларымен толықтыру;

Екінші, сауда инфрақұрылымын дамыту;

Үшіншісі, техникалық және экономикалық тұрғыдан ішкі нарықты қорғау;

Төртіншіден, сауда желілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету және тиімсіз делдалдарды анықтау арқылы өндірілген өнімді өткізуге жағдай жасау.

Өндіріс көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ететін жедел шаралар

Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің айтуныша, «айналым схемасының» жаңа тәсілдеріне негізделе отырып, қант зауыттары қаржыландырып, ішкі нарықтың қажеттілігі қамтамасыз етіледі. Тұрақтандыру қорлары қызметінің форматы өзгертілді, басты назар – маусымаралық кезеңде нарықтық бағалардың маусымдық ауытқуын реттеуде.

«Біз өз көкөністерімізбен сәуір айына дейін нарықты қамтамасыз етеміз, әрі қарай шетелден ерте пісетін көкөністер жеткізіледі», — деді ол.

Соынмен қатар 12 тауардың өзіндік құнын төмендету үшін Азық-түлік корпорациясы арқылы астық бағасы арзандатылады.

«Біз қазіргі заманауи сауда форматтарының үлесін 2027 жылға қарай 70%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», — деді Арман Шаққалиев.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, ол үшін Бизнестің 2023 жылға арналған жол картасында бірінші кезеңде несиелер бойынша сыйақы мөлшерін субсидиялау қажет. Екінші кезеңде 2024 жылдан бастап қазіргі заманауи сауда форматтарының құрылысын қаржыландырудың жеке салалық бағдарламасы қарастырылады.

Сондай-ақ өңірлік деңгейде заттай гранттардың берілу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Осы жылдың соңына дейін сауда саласында мемлекеттік бақылаудың бірыңғай тетігін енгізуді көздейтін Мемлекет басшының тапсырмаларын іске асыру аясында заң қабылданатын болады.

«Қазақстанда жасалған» брендімен тауарларды ерікті сертификаттаудың жүйесін құру және техникалық реттеу құралдары арқылы ішкі нарықты қорғаудың жаңа моделі әзірленді.

Саудадағы техникалық кедергілер бойынша ахуалдық штаб құрылды.

«Импорттық өнім демпингісінен қорғау мен өз өндірісімізді ұлғайту үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төменгі көтерме бағаларды енгізу жөніндегі заңнамаға түзету енгізіледі», — деді сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Алтынкөл кеден бекетінде 1 млрд теңгенің тауарын тәркіленді

21.09.2022

Жанар-жағармай материалдарының ең төмен жылдық өсімі Алматы облысында тіркелді

30.09.2022

Екібастұзға көмек: кәсіпкерлер тарапынан 500 дана жылыту құралы жеткізілді

03.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа