No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Зейнетақы жинағын алу шегінің өзгеруіне әсер ететін факторлар қандай?

13.12.2022
Жаңалықтар, Әлеумет
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Зейнетақы жинақтарының 2023 жылға белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шегі жарияланды. Жеткіліктілік шегі жас ерекшеліктеріне қарай 3 млн-нан 10 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды, деп жазады kazbusiness.kz сайты ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Мысалы, 20 жастағылар үшін ең төменгі жеткіліктілік шегі 3 140 000 теңгеден 3 260 000 теңгеге дейін, 30 жастағылар үшін – 4 370 000 теңгеден 4 580 000 теңгеге дейін, 40 жастағылар үшін – 5 790 000 теңгеден 6 100 000 теңгеге дейін ұлғайды.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы 1 340 016 өтінішін орындады. Банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына – уәкілетті операторға БЖЗҚ шамамен 3,2 трлн теңге қаражат аударды. Айта кету керек, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына 458 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды. Өйткені біржолғы зейнетақы төлемдерін қазақстандықтар заңнамада белгіленген мерзімде не өтініш берушінің өтініші бойынша және өзге де себептер бойынша пайдаланбаған. Бұдан бөлек БЖЗҚ жалпы сомасы 314,9 млрд теңгеге емделуге берілген 398 875 өтінішті орындады. БЖЗҚ-ға 32,1 млрд теңге қаржы қайтарылды.

Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі Үкіметтің қаулысымен бекітілген. Оған сәйкес, ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері әр жас үшін жыл сайын қайта қаралып, болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуі ескеріледі.

Осы тұста ең төменгі жалақы, зейнетақының ең төменгі мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі секілді әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. 2023 жылы ең төменгі жалақы 70 000 тг, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 53 076 тг, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 тг, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 тг болып белгіленді. Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу кезінде ескерілетін басқа да әлеуметтік маңызды көрсеткіштердің мөлшері артты.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Елорда прокуратурасы мемлекеттік сатып алуда миллиардтарды қамтитын заңбұзушылықтарды анықтады

27.07.2023

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында 21 мың адамға көмек көсетілді

25.09.2022

Қазақстанда сәби қанша тұрады?

14.02.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа