Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар алаяқтар да қалыспай, алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Қаржы алаяқтарының құрбаны біліміне, жұмыс саласына, мәртебесіне қарамастан кез келген адам болуы мүмкін. Алайда, көп жағдайда қаржы алаяқтарының айла-шарғысына заманауи цифрлар әлемінен бейхабар аға буын өкілдері түсіп жатады.
Алаяқтар зейнеткерлерге телефон соғып, өздерін банк қызметкерлеріміз деп таныстырып, олардың карточкаларынан бейтаныс біреулердің ақшаны шешіп алуға әрекет жасағандары жөнінде айтады. Алаяқтар қаражатты қауіпсіз шотқа ауыстыруы қажет деп, ізінше қарияның интернет немесе мобильді банкингті қолдана алу, алмауын нақтылайды, одан кейін өзінің зейнетақылық ақшасын қашықтан қалайша аудару болатыны жөнінде нұсқау береді не телефонына қосымшаны жүктеуді ұсынады немесе ақшаны дереу банкомат арқылы аударуға кеңес береді. Бұл жерде алаяқтардың қарттарды асықтырып, эмоционалдық қысым жасайтындарын атап өту керек.
Қаржы алаяқтарынан қарт адамдарды қалайша қорғауға болады?
- Қарт адамдарға бейтаныс адамдарға тіпті егер олар өздерін банк, әлеуметтік қызметтер, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріміз деп таныстырса да сөзсіз сенудің қажеті жоқ екенін түсіндіріңіз;
- Егер қоңырау шалушылар сізге аты – жөніңізді айтып өтінсе және сіздің мекен-жайыңызды білсе де, бұл адамдардың ресми адамдар екенін білдірмейді. Барлық қажетті деректерді әртүрлі тәсілдермен алуға болады, оларды жалпыға қол жетімді көздерден, интернеттен алуға болады;
- Міндетті түрде қызметкердің аты-жөні мен лауазымын сұраңыз және оны қайта тексеру үшін олардың өкілі қоңырау шалып тұрған ұйымның колл- орталығына хабарласыңыз;
- Егер телефоныңызда жақын адамның нөмірі шығып тұрса, бірақ оның дауысы нашар естіліп, өзінің қиындыққа тап болғанын және оған ақша аударуды сұраса, әңгімені доғарып, оған өзіңіз қоңырау шалыңыз;
- Ешқашан және ешкімге жеке деректеріңізді, банктік картаның толық деректемелерін, оның ішінде картаның қолданыс мерзімін, CVC/CVV кодын, сондай-ақ код сөзін және ақша қалдығын айтпаңыз;
Есіңізде болсын: банк қызметкерлері, қаржы ұйымдарының колл-орталықтарының операторлары, құқық қорғау органдарының өкілдері ешқашан телефон арқылы дербес деректерді сұрамайды. Бұл конфеденциалды мәліметтер тек алаяқтарға қажет!