No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жамбыл облысында ерекше режимдегі түзету мекемесінің басшылығы мен кәсіпкерлер арасында шу шықты

16.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жамбыл облысында ерекше режимдегі түзеу мекемесінен шу шықты. Түрмедегі түсінбеушілік басшылық пен кәсіпкерлер арасында ушыққан. Жабық мекемеде кәсіп ашқандар жаңа басшылықтың заңына бағынғысы жоқ, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтарына сілтеме жасап.

Айтуларынша түрмеден шығатын түрлі бұйымдарға тосқауыл көбейген. Соның салдарынан астау, шахмат, нарда сияқты қолөнер туындыларын өндіру азайып кеткен. Бұл түрмеден шығуға емес кіруге талпынған топ. Таң сәріден түзету мекемесінің есігін қағып ішке ене алмай әлек. Бас аяғы 14 адам. Барлығы осында ағаштан бұйым жасаумен айналысатын кәсіпкерлер. Жазасын өтеушілер жасайтын бұйымдары шет ел асып, сұранысы зор.

“Қазақстан бойынша бүкіл облысты қамтиды. Тапсырыс болса Түркияға да кетеді. Қырғызстанға да кетіп жатыр ол. Ал антиквариат болса нарда, шахмат. Оларға шет елден де сұраныс бар”, – кәсіпкер Жәнібек Дауылбаев.

Бірақ түрмедегі бұл кәсібіміз жаңа басшылық келгелі кері кетті деп күйінеді. Бұрын тәулігіне 12 көлікпен шикізат кіргізілсе, бүгінде аптасына әзер дегенде тек ағаш өткіземіз дейді.

“Бұрын күніне 12 көлік кіретін. Екі мәрте аптасына дайын өнім шығаратынбыз. Қазір тәулігіне қиындықпен үш көлік кіреді. Тексерісті қиындатып жіберген. Ол үшін әскери прокуратураға арыз тастадық. Бірақ жауап жоқ”, – дейді жүргізушісі Валерий Русаковский.

Басшылық шеберхана маңында көптеп ашылған кәсіп талапқа сай емес дейді. Ішкі тәртіп бойынша әр кәсіпкер 20-25 жазасын өтеушіні ғана жалдай алады. Бірақ бизнесмендер 70 адамға дейін жұмылдырып келген. Ал кәсіпкерлер бұған дейін рұқсат болған істің аяқ асты заңсыз болып шыққанына аң-таң.

“Бұзыңдар кедергі дейді. Соққан кезде ДУИС-тің бастықтары рұқсат берді. Біз кеп сұрадық. Әшейін келіп өзіміздің жекеменшік жер емес қой барып сұрадық. Соқсақ бола ма? Өз билігін жүргізіп жатыр”, – дейді кәсіпкер Жәнібек Дауылбаев.

Шуласқан жұрт ақыры түрмеге кіргізілмеді. Кейін Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне шақыртылып жиын өткізді. Бірақ түсіру тобына рұқсат етілмеді. Аз уақыт ақылдасып шыққан қос тарап бір келісімге келгендей болды. Түрме әкімшілігінің іште не айтқаны белгісіз, әйтеуір басында шу шығарған кәсіпкерлер аяғында айтқандарынан айнып шықты. Шешілген шаруаны қайта қаузауға құлық танытпаған түрме басшысы дау тудырғандармен тіл табысқандарын жеткізді.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қаржылық сауаттылықты арттыратын 8 кітап

12.12.2022

6 пайыздық несиеге қандай кәсіп ашуға болады?

22.07.2022

Жетісуда қант қызылшасының әр тоннасына 40 мың теңге берілмек

21.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа