Нұр-Сұлтан қаласында 3-4 қыркүйекте өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Жамбыл облысы өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл өңірдің 100-ге жуық кәсіпкері елордаға 495,8 тонна өнімін әкелмек. Олар: 47 тонна ет (жылқы, сиыр, қой еті), 15 тонна тауық еті, 14 тонна шұжық өнімдері, 38,8 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 10 тонна кондитерлік өнімдер, 13,4 тонна макарон өнімдері, 10 тонна балық, 6 тонна бал, 5,5 тонна мақсары майы, 336,1 тоннадан астам көкөніс, бақша дақылдары мен жеміс-жидек өнімдері. Сонымен қатар келісі 480 теңгеден сатылып жатқан 10 тонна қант ұсынылады.
Айта кетері, жәрмеңкелер 13 қарашаға дейін әр сенбі және жексенбі күндері өтеді. Өтетін орны: “Астана-Арена” стадионының жанындағы алаң, Тұран 48.