No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаңа жылдан кейін коммуналдық қызмет бағасы өсуі мүмкін

26.12.2022
Жаңалықтар, Айна
2
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанда кәріз желілерінің тозуы ең жоғарғы шегіне жетті. Ескірген инфрақұрылым желілері әсіресе, Солтүстік пен Шығыс өңірінде байқалып отыр. Енді бірер жылда бұл нысандар істен шығады. Олқылықтың алдын алу керек деп дабыл қаққан Сенаторлар бүгін жауапты министрлікке сауал жолдады, деп хабарлайды kazbusiness.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.

Тозығы жеткен кәріз жүйелері солтүстік-шығыс өңірінде өзекті болып отыр. Сенатор Ольга Булавкинаның сөзінше, Көкшетау, Екібастұз, Семей, Риддер қаласында ахуал ушығып тұр. Ондағы нысандардың 90 пайызы қолдануға келмейді. «Салдарынан ауыл тұрғындары зардап шегіп отыр» деді депутат. Ол жауапты министрліктен шұғыл шара қабыпдап, жағдайды ретке келтіруді талап етті.

«Экология қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және эпидемиялар мен жұқпалы аурулар қаупінің алдын алу мақсатында қалалар мен аудандарда кәріздік тазарту құрылыстарын инфрақұрылымдық аудиттің маңызды объектілерінің қатарына қосу қажет. Тозған желілерді салу, жаңғырту және реконструкциялау мәселесін шешіп, ағынды суды тазалауда заманауи жоғары технологиялық жабдықтарды пайдалануды ескеру керек. Кәріздік тазарту қондырғыларды жобалау кезінде бірыңғай жүйелі тәсілді әзірлеу маңызды», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина

Жаңа жылдан бастап елдің кейбір өңірінде коммуналдық қызмет тарифтері өсуі мүмкін. Бүгін Ұлттық экономика министрі осындай болжам айтты. Әлібек Қуантыровтың сөзінше, тарифтер аймақтардағы жылу электр орталықтарының тозу дәрежесіне қарай көтерілмек. Осылайша, кәсіпорындардың тозуын 15-20 пайызға азайтуға болады, — деді министр.

«Келесі жылдың шамамен екінші жарты жылдықтан бастап тиісті өзгеру болады. Себебі субъектілерге өз жұмысын модернизациялау, желілерді жаңғырту жасалуы керек. Өздеріңіз білесіздер, Президент өзінің сайлауалды бағдарламасында тиісті көрсеткіштерді белгіледі. Біздің есептеу бойынша келер жылы шамамен 15-20 пайызға төмендетеміз», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Сенаттың жалпы отырысында айтылған тағы бір өзгеріс енді елімізде шеттен келген оң жақ рөлді автокөліктерді бір жолғы заңдастыруға рұқсат беріледі. Бірақ бұл мүмкіндік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген көліктерге ғана қатысты. Қазір ел аумағында осындай 20 мыңға жуық темір тұлпар бар екен. Ал жалпы заңдастыруға жататын автокөліктер саны 300 мыңнан асады.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге арналған мораторий 2024 жылға дейін ұзартылады

19.10.2022

Үкіметте әлеуметтік кәсіпкерлік мәселесі қаралды

10.11.2022

Рэй Кроктың кәсіпкерлерге айтқан 18 кеңесі

04.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа