No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісу облысы: қан қызылшасының 37 пайызы Ескелді ауданына тиесілі

13.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жетісу облысында себілген қант қызылшасының 37% Ескелді ауданына тиесілі.Бұл туралы бүгін Ескелді ауданының тұрғындармен кездесуінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты.

 

Алдын ала есептеулер бойынша оның шығымы облыста өңдеуге өткізілетін жалпы өнім көлемінің тең жарысына жуықтамақ. Сол сияқты осы ауданда шағын және орта бизнесте жыл басынан бері бюджетке 679 млн. теңге түскен, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 26% артық.

Дегенмен ауданда бірде-бір жылыжай мен жеміс-көкөніс өнімдерін өңдейтін нысан жоқ, бақтардың басым бөлігі ескірген. Жергілікті әкімдік осы салаларға инвестиция тарта алмай отыр. Пайдаланылмай отырған жерлерді қайтару ісі де баяу жүргізілуде.

 

Облыс әкімінің сөзіне сүйенсек, аудан қант қызылшасын егуде көшбасшы саналады. Алайда биыл бұл дақыл егістігінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 54 пайызға азайтылған. Оған қоса өнім шықпай қалған алқаптар да бар, орнына соя мен жүгері себілген. Бұл орайда ауыспалы егіс, агротехнология талаптарын сақтауға шаруашылықтар көп мән беруі тиіс.

 

— Аудандағы дәнді дақылдардың үлесі жалпы егіс алқабының 55 пайызынан астамын құрайды, яғни 54,5 мың га. Бұл ретте ауданда бірде-бір тұқым шаруашылығы жоқ, осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет. Бұл аймақта 50 мыңға жуық ірі қара мал бар, жылына 13 мың тонна ет және 35 мың тонна сүт өндіріледі, 8 сүт фермасы, 4 бордақылау алаңы бар. Соған қарамастан биылғы 9 айдың қорытындысында азық-түліктің барлық түрлері бойынша өндіріс көлемінің төмендеуі байқалады,-деді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы.

 

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қараталдық «Qazyna» асыл тұқымды қой шаруашылығын өркендетіп отыр

14.10.2022

ҚР-да IT саласында 645 млрд теңгеден астам қызмет көрсетілді

05.07.2022

«Сбербанк Қазақстанның» атауы «Береке банк» болып өзгермек

14.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа