Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде аудан прокуратурасының кәсіпкерлердің құықтарын қорғауға арналған мобильді топтың телефондарына 4 кәсіпкерден мемлекеттік сатып алу жүргізу барысында бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы хабарламалар түскен.
«Аудан прокуратурасымен жергілікті атқарушы органдарымен 2021 жылы мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында заңдылықтың, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілердің құқықтарын сақталуына талдау жүргізіліп, нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталды»,-дейді Ескелді ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі Құралбек Шойбеков.
Белгілі болғандай жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік сатып алулар жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуы тиісті деңгейде шара қабылданбай, 10 кәсіпкерлік субъекітінің құқықтары бұзылған, яғни мемлекеттік сатып алу шарт міндеттемелері орындалғанына қарамастан, шарттың орындалуын қамтамасыз ететін қаражатты кәсіпкерлерге уақытылы қайтармаған.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша аудан прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, 10 кәсіпкерлік субъектісіне 206 712,91 теңге қайтарылды.