No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісу облысында кәсіпкерлікті дамытуға 5 млн. теңге мемлекеттік грант беріледі

Шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған байқауды «Жетісу облысының Кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы» ММ ұйымдастырып отыр.

23.10.2022
Жаңалықтар
49
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Конкурс өткізудегі негізгі мақсат- Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру Қағидаларының 2 қосымшасына сәйкес, өтеусіз негізде экономиканың басым секторларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде, ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру.

 

Жеңімпазға берілетін грант мөлшері 5 млн. теңгені құрайды. Конкурсқа бөлінген жалпы қаражат сомасы- 150 млн.теңге. Байқау ашық түрде өтетін болады.

 

Конкурсқа қатысу үшін «Электрондық Үкімет» веб порталы арқылы «Qoldau.kz» ақпараттық жүйесінде электрондық нұсқада тапсырыс беру керек.

 

Байқауға қатысушы жан 2022 жылғы «21» қарашадан бастап, 2022 жылғы «25» қарашаны қоса алғандағы күндері құжаттарын тапсыруы керек.

 

Аталған мерзімнен кешіктіріліп түскен тапсырыстар қабылдауға жатпайды.

 

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша тапсырысты және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нұсқада ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын электрондық тапсырыстар https://www.qoldau.kz сілтемесі бойынша беріледі.

 

«Qoldau.kz» веб-порталының жеке кабинетінде тіркелу үшін пайдаланушылар мынадай мәліметтерді көрсетеді:

 

1) жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) үшін – ЖСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

 

2) заңды тұлғалар (ЖШС) үшін – БСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) және бірінші басшының ЖСН-і;

 

3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

 

4) ЖК/ЖШС екінші деңгейлі банктегі банк шотының деректемелері.

 

Айта кетейік, жоғарыда аталған деректер өзгерген жағдайда пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетіне енгізілген дербес шотының деректерін өзгерте алады.

 

 

 

 

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

20, 30 және 40 жастағылар ақшасын қайда құйғаны абзал?

28.12.2022

5 белгі: қаржылық сауаттылық

04.01.2023

Елде шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкер әйел үлесі — 43,5 пайыз

27.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа