No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісу облысында мұздатылған балық бағасы 35,2 пайызға өсті

Үстіміздегі жылы елімізде 8 айда 30,8 мың тона балық өндірілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,5 пайызға артқан, деп хабарлайды kazbusiness.kz сайты.

17.10.2022
Жаңалықтар
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Балық кластері қарқынды түрде дамып келе жатқан аймақ Қызылорда облысыдеп айтуға толықтай негіз бар. Мұнда аса бағалы балық түрлерін көбейтуге арналған 10 зауыт жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде 15 мың тонна балық өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді.

Соңғы сегіз айда республикада небәрі 6,6 мың тонна дайын немесе консервіленген балық, уылдырық және оның алмастырғыштары өндірілген. Бұл сегментте Түркістан облысы көш бастап тұр – 2,4 мың тонна. Биыл қаңтар-шілде қорытындысы бойынша жергілікті кәсіпорындар өңделген және консервіленген балық, шаян және моллюскаларға сұранысты 53,1 пайызға қамтамасыз етті. Елімізге 28,7 мың тонна өнім әкелінді. Осы кезеңдегі өнім 32,5 мың тонна болған.

Биылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша, балғын балық бір жылда 15 пайызға, мұздатылған балық – 15,1 пайызға, қабығы аршылған мұздатылған асшаяндар – 26,4 пайызға қымбаттаған. Ең алдымен жаңа ауланған балық бағасы Павлодар (44,7 пайызға), Қостанай (24,7 пайызға) және Маңғыстау (24 пайызға) облыстарында өсті. Мұздатылған балық бағасы Маңғыстау (43,4 пайызға), Жетісу (35,2 пайызға) және Атырау (29,6 пайызға) облыстарында айтарлықтай өскен.

Балық өнімдері ішінде тұздалған майшабақ бір жылда 34,2 пайызға, балық консервілері – 29,6 пайызға, майдағы шпрот – 24,9 пайызға, салқын ысталған скумбрия – 23,8 пайызға, тұздалған деликатес балық – 22,2 пайызға, қызыл уылдырық – 21,2 пайызға қымбаттаған.

 

Байланысты Материалдар

Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды

05.06.2023

ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

05.06.2023

Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

05.06.2023

Алматыда полицей әріптесінің қолынан қаза тапты

05.06.2023

Мемлекет ауылдардың дамуына 200 млрд теңге бөлді

05.06.2023

Алматы облысындағы мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылған

05.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Алаяқтықтың жаңа түрінен абайлаңыз!

07.04.2023

Кербұлақ ауданында экспортқа киім тігетін цех ашылды

14.11.2022

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды
  • ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
  • Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа