No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісу облысында қант қызылшасының егіс алқаптарын 2,5 есе ұлғайту жоспарланып отыр

10.10.2022
Жаңалықтар
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

2026 жылға қарай Жетісу облысында қант қызылшасын егу алаңын 2,5 есе ұлғайту жоспарланып отыр. Биыл отандық қызылша шаруашылығының флагманы болып саналған аймақ 6 мың гектарға тамыр дақыл сепкен.  Ауыл шаруашылығы министрі өңірге жұмыс сапары кезінде қант саласының ағымдағы жағдайымен танысты.

Ербол Қарашөкеев  300 гектар жерге қант қызылшасын егіп, жаңбырлату қондырғыларын сәтті қолданып отырған “Қызылшоқы” шаруа қожалығының егістігін аралады.  “Хильниченко мен К” шаруа серіктестігі де дәл осынша дақыл екті, министр аталған шаруашылыққа да барды. Сонымен қатар, фермерлер техниканың тозуының жоғары пайызы туралы мәселе көтерді. Аймақтағы қызылша жинайтын комбайндардың жартысынан көбінің жағдайы қанағаттанарлықсыз.

Министр субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде қызылша өсіру техникасына субсидиялау нормативін 50%-ға дейін ұлғайту жөніндегі ұсыныс қаралып жатқанын атап өтті.

“Сонымен қатар, қызылша өсірушілердің өтініші бойынша мемлекеттік қолдауды қайта қарау шеңберінде субсидиялау нормасын 15-тен 25 мың теңгеге дейін ұлғайтудың арқасында келесі жылдан бастап қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасының бір тоннасының құнын 40 мың теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр, бұл қызылша өсірушілер үшін ынталандыру болып табылады. Осылайша, қант қызылшасының рентабельділігі жүгері, рапс және соя сияқты дақылдардың деңгейіне жеткізіледі”, – деп қосты Ербол Қарашөкеев.

Көксу қант зауыты шамамен 24,7 мың тонна қант қызылшасын қабылдады және келесі аптада осы шикізаттан түйіршіктелген қант шығара бастайды. Ербол Қарашөкеев зауыттың жұмысымен танысты.  Кәсіпорынға шикізатты Жетісудың барлық аудандарынан шаруа қожалықтары жеткізеді. Өткен жылдан бастап зауыт жыл бойы жұмыс маусымына көшті. Осының арқасында биыл кәсіпорын Қазақстан нарығына 48 мың тонна қант жеткізеді.

Шаруалар өңірдегі қант саласын дамыту перспективалары туралы өз пікірлерімен  бөлісті. Министрдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесуінде саланың проблемалық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, қант зауыттары үшін тәтті тамыр дақылын өздігінен өсіре алуы маңызды мәселе. Агротехнологияларды сақтау мәселесі де өзекті, бұл өнімділіктің, демек пайданың өсуіне тікелей ықпал етеді.

Айта кетейік, 2026 жылға дейін қант саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру аясында егістік алқаптарын 38 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Байланысты Материалдар

Семейдегі өрт: Тағы 11 адамның денесі табылды

10.06.2023

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Жетісу облысында мұздатылған балық бағасы 35,2 пайызға өсті

17.10.2022

Атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібіне өзгерістер қашан енгізіледі?

06.12.2022

Қазақстан банктерінің активтері өсті

21.04.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Семейдегі өрт: Тағы 11 адамның денесі табылды
  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа