No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісуда бизнесті қолдаудың 60 пайызы әйелдерге бағытталған

Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы жетісулық қыз-келіншектерге тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Жетісу облысында қолдау шараларының 60 пайызы нәзік жандыларға бағытталған. Ұлттық жоба бойынша қайтарымсыз гранттар мен 2,5 пайыздық шағын несиелер беріледі. Сондай-ақ, 3 айлық қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтіп, мамандық алуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды kazbusiness.kz сайты. 

17.01.2023
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бүгінгі таңда жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 19 мың қыз-келіншектер қамтылды. Оның 8 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылған.

2022 жылы 936 әйел қысқа мерзімді оқытудан өтті. Жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматшалардың арасынан осы жедел оқытудан өткен әйелдер бүгінде нағыз іскер әйелдерге айналды. “Бастау бизнес” жобасын аяқтап, грантқа ие болған азаматшалар арманын жүзеге асырып, өз жеке ісін бастауға мүмкіндік алды. Олар мал шаруашылығымен, құс шаруашылығымен айналысуға, сұлулық салондарын, тігін цехтарын, кондитерлік дүкендерді, наубайханаларды және т. б. ашу үшін қажетті жабдықтарды сатып алуға қол жеткізді.

2023 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 800 адамды және субсидияланатын жұмыс орындарына 8484 адамды жіберу жоспарлануда. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 588 адамға гранттар беріледі.

2023 жылы 2,5 % мөлшерлемесімен жастардың кәсіпкерлік бастамалары үшін 1 млрд. 245 млн. теңге сомасына 249 шағын несие беру жоспарлануда.

Байланысты Материалдар

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Көк қағаз туралы 20 мәлімет

09.01.2023

Өнеркәсіп салаларын дамыту жоспарлары талқыланды

08.01.2023

Ең қымбат стартап немесе Uber компаниясының құрылу тарихы

12.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
  • Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа