No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісулық диқандар неге қант қызылшасын егуден бас тартты?

Жетісу облысында шаруалар жаппай қант қызылшасын егуден бас тартқан. Өңірге қарасты Ақсу ауданындағы диқандардың 80 пайызы қызылшаның орнына басқа дақыл егуге көшкен

16.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Диқандардың айтуынша, өңірдегі судың жетіспеушілігі, жанармай бағасына қатысты мәселе әлі күнге шешімін таппаған.

Өңірде 1999 жылдан бері қант қызылшасын егіп, тіршілігін дөңгелетіп келген шаруа Александр Квитко биыл 80 гектар егістік алқабына жүгері еккен. Айтуынша, соңғы жылдары тәтті түбірдің пайдасынан көрі машақаты көбейген.

«Былтыр зауыт «бір келі қант қызылшасына 15 теңге» деп айтты. Мемлекет те өнімді өсіруге 15 теңге бөледі. Енді биыл 2023 жылы қынт қызылшасына бөлінетін баға жария болды. Келесі жылы мемлекет 25 теңге субсидия берсе, зауыт 15 теңге қылып қалдырды. Көктемдегі егіс науқаны кезінде шекер 230-275 теңге болған. Бірақ қазір зауыттан шыққан тәттінің құны 450 теңге. Сонда зауыт шаруаларды ойламай ма?», — деді диқан Александр Квитко.

КТК арнасының мәліметінше, жылдар бойы шешімін таппаған түйткілді мәселелер әсерінен қызылша егетіндердің саны да күрт азайған. Үш-төрт жыл ішінде өңірдегі 50 шаруа қожалығы тәтті түбір өсіруден бас тартқан. Ал биыл қант қызылшасы 800 гектар алқапқа егілсе де, оның 200 гектардан астамы мүлде шықпай қалған.

 «Жоспар бойынша 25 шаруа қожалық 800 гектар алқапқа қант қызылшасын септі. Енді көктем уақытында ауа райының қолайсыздығына байланысты 235 гектар алқапқа қызылша шықпай қалды. Жаңбыр жауды. Енді 565 гектар егіннің жинау, қазу жұмысы жүріп жатыр», — деді Ақсу ауданы жер қатынастары мен ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Азамат Қасымов.

Қант қызылшасының бұл көлемі «АқсуҚант» зауытының көңілінен шықпайды. Зауыт басшысы 2017 жылдан бері қант қызылшасының қажетті көлемі келмей, шығынға батқанын мәлім еткен. Осы себепті зауы келесі жылдан бастап қамыстан қант шығаруды қолға алмақ. Алайда бір келі қант қызылшасына қарағанда, қамыс бағасы әлдәқайда қымбат әрі шикізат шетелден тасымалданады екен.

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Алматы облысында тұрмыстық техника зауыты салынады

28.09.2022

Ел халқы банктерге 14 трлн.теңге берешек

23.10.2022

Қарыз алушы өзінің кредиттік тарихын түзету үшін тағы  нені білу керек?

19.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа