Бұл жайында департамент басшысы Еділ Зайытбеков Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясында жылдық есебінде баяндады. Сонымен қатар, өтініштердің арасында көбінесе кездесетін шағымдар ол, сапасыз тауарды жөндеуден, айырбастаудан/қайтарудан бас тарту мәселесі орын алатынын атап өтті. Сонымен қатар, тұтынушылардың өтініштерінің ай сайынғы өсімі 25-30% – ға өскенін атап өткен жөн, бұл халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейінің артқанын көрсетеді.
Еділ Тасболатұлы облыстық мәслихат депутаттарына тұтынушылардың шағымдары бойынша көшбасшылықтың алдыңғы қатарында бөлшек сауда саласы алатынын, ол шағымдардың шамамен 65,1% құрайтынын жеткізді.
«Оның ішінде тиісті және тиісті емес сападағы тауарларды қайтарудан бас тарту, қолма-қол ақшаны қайтарудан бас тарту және т. б. Ал екінші орында тұрмыстық қызмет көрсету саласы, шағымдар саны бойынша 8,37% отыр. Оның ішінде әлеуметтік-тұрмыстық сала қызметтерін ұсыну және т. б. қызметтердің сапасыз және уақтылы көрсетілмеуі бойынша. Үштіктің қатарына тұрғын-үй коммуналды шаруашылық-ЖКХ қызметтері кіріп, 5,58% – ы құрады, оның ішінде коммуналдық қызметтерді сапасыз көрсетуге, тарифтерді негізсіз көтеруге, электр энергиясын есепке алу аспаптарын заңсыз тексеруге және ауыстыруға, электр желілерін заңсыз алуға қатысты өтініштер, сондай-ақ газ тарату компанияларына және т.б. шағымдар жиілеп кетті», – деп атап өтті.
Депутаттар тарапынан халықпен кері байланысты нығайту жұмысында қандай жұмыс атқарылып жатқаны жайында сұрақтарын қойып, департамент басшысы әлеуметтік желілермен, сайттар, дәстүрлі БАҚ беттерін кеңінен қолданылатынын жеткізді. Оның ішінде сайт-газеттерде-57 мақала, әлеуметтік желілерде 209 жарияланым, комитет сайтында – 4 мақала жарияланып, 2 бейнеролик әзірленгенін атап өтті.
Сессия соңында депутаттар тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жұмысты нығайту жайында өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, Еділ Тасболатұлы назарына алып, аталған бағытта жұмыстар жалғасатынын жеткізді.