No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісулық тұтынушылар қорына 5 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды

Жетісу облысының тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті 2022 жылдың екінші жартысынан құрылса да, өңірімізде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмыстары бойынша 100-ден аса өтініш бойынша жалпы соммасы  5 414 000 теңге тұтынушыларға кайтарылды, деп жазды kazbusiness.kz.

17.01.2023
Жаңалықтар
21
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бұл жайында департамент басшысы Еділ Зайытбеков Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясында жылдық есебінде баяндады. Сонымен қатар, өтініштердің арасында көбінесе кездесетін шағымдар ол, сапасыз тауарды жөндеуден, айырбастаудан/қайтарудан бас тарту мәселесі орын алатынын атап өтті. Сонымен қатар, тұтынушылардың өтініштерінің ай сайынғы өсімі 25-30% – ға өскенін атап өткен жөн, бұл халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейінің артқанын көрсетеді.

Еділ Тасболатұлы облыстық мәслихат депутаттарына тұтынушылардың шағымдары бойынша көшбасшылықтың алдыңғы қатарында бөлшек сауда саласы алатынын, ол шағымдардың шамамен 65,1% құрайтынын жеткізді.

«Оның ішінде тиісті және тиісті емес сападағы тауарларды қайтарудан бас тарту, қолма-қол ақшаны қайтарудан бас тарту және т. б. Ал екінші орында тұрмыстық қызмет көрсету саласы,  шағымдар саны бойынша 8,37% отыр. Оның ішінде әлеуметтік-тұрмыстық сала қызметтерін ұсыну және т. б. қызметтердің сапасыз және уақтылы көрсетілмеуі бойынша. Үштіктің қатарына тұрғын-үй коммуналды шаруашылық-ЖКХ қызметтері кіріп, 5,58% – ы құрады, оның ішінде коммуналдық қызметтерді сапасыз көрсетуге, тарифтерді негізсіз көтеруге, электр энергиясын есепке алу аспаптарын заңсыз тексеруге және ауыстыруға, электр желілерін заңсыз алуға қатысты өтініштер, сондай-ақ газ тарату компанияларына және т.б. шағымдар жиілеп кетті», – деп атап өтті.

Депутаттар тарапынан халықпен кері байланысты нығайту жұмысында қандай жұмыс атқарылып жатқаны жайында сұрақтарын қойып, департамент басшысы әлеуметтік желілермен, сайттар, дәстүрлі БАҚ беттерін кеңінен қолданылатынын жеткізді. Оның ішінде сайт-газеттерде-57 мақала, әлеуметтік желілерде 209 жарияланым, комитет сайтында – 4 мақала жарияланып, 2 бейнеролик әзірленгенін атап өтті.

Сессия соңында депутаттар тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жұмысты нығайту жайында өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, Еділ Тасболатұлы назарына алып, аталған бағытта жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Жалпы ішкі өнімдегі ШОБ-тың үлесі 33,5%-ға жетті

18.10.2022

Жеке куәлікте саусақ іздері пайда болады

30.03.2023

Тағы бір қытайлық платформа отандық өндірушілерге қолжетімді болады

17.04.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа