No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісулық жастар өткен жылы наубайхана цехын, омарта және басқа да кәсіптер ашты

Сағакүрес ауылында 26 жасар жас кәсіпкер отбасылық кәсіп ашып, ауылдастарын нан өнімдерімен қамти бастады. Оның наубайшылықпен айналысуына мемлекеттен берілген грант көмек болған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

21.01.2023
Жаңалықтар
6
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бұған дейін Ақсу аудандық Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген Айдос Жұманов өткен жылы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, сертификат алып шықты. Одан әрі бизнес жобасын қорғап, соның арқасында 1,2 млн. теңгеден астам сома қайтарымсыз грантқа ие болды. Бұл қаражатқа жас кәсіпкер нан пісіретін пеш, қамыр илейтін машина мен нан қалыптарын сатып алған. Сөйтіп өткен жылдың мамыр айында кәсібін бастап, қазір Ақсу ауданының Сағакүрес елді мекенінде ауылдастарын бөлке нанмен қамтып отыр.

– Біздің ауылға нан дүкендерге сырт жақтан жеткізіледі. Қыстың ауа райы қолайсыз күндері нан әкелінбей қалатын күндер жиі болады. Сондықтан ауылда осы наубайшылық кәсіп ашсам деп ойладым. Онымды отбасыма айтқанда, олар қуана қолдады. Сөйтіп «Бизнес-Бастау» арқылы оқып, грант алып, керекті құрал-жабдықтарға қол жеткіздім. Мұны отбасылық бизнес десем де болады. Үйде бөлке нан пісіруді анам, ағам, қарындасым, бәріміз бірге атқарамыз. Қазіргі қысқы мерзімде өнімді тек ауылдың ішінде өткіземіз. Ал жазғы уақыттарда Жансүгіров, Қарашілік сияқты жақын маңдағы ауылдарға да жеткіземіз, – дейді Айдос Жұманов.

Қазір шағын кәсіп иесі күніне орта есеппен 150 бөлке нан пісіріп сатса, жазғы уақытта тапсырыс көлемі ұлғая түседі екен. Қаражат айналымын арттырғаннан кейін Айдостың нан өнімі түрлерін көбейтпек ойы бар.

Осындай мысалдар Жетісу облысында көптеп табылады. Мәселен, Ескелді ауданының 26 жасар тұрғыны Кәусар Нұрданғазы да мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп, омарта шаруашылығымен айналысып отыр. Осыдан 4 жыл бұрын істі алғаш 10 ұямен бастаған К.Нұрданғазы өткен жылы 1 225 мың теңгенің грантына тағы 21 ара ұясын сатып алған. Аз уақыттың ішінде ара ұясының санын 80-ге жеткізген. Грантқа ие болғаннан кейін кәсібіне деген сенімі еселеніп, өнімдерін «Жамбо» брендімен шығара бастапты. Бүгінде бал өнімдерін отбасына ғана емес, өзі тұратын Жетісу ауылының тұрғындарына да ұсынып отыр.

Жалпы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне қарағанда, 2022 жылы мемлекеттік грант үшін 840,9 млн. теңге бөлінген. Соның нәтижесінде бір жылда 617 адам бизнес жобасын қорғап, грантқа ие болды, яғни бұл – жоспардың 90,%. Атап өтсек, мемлекеттің осындай көмегімен шағын кәсібін бастағандардың 212-сі – жастар.

Байланысты Материалдар

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда 46 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі

05.06.2023

Ұлттық палата 9 салада бизнеске қойылатын талаптарды қайта қарау жұмысын аяқтады

09.09.2022

Алматы облысы: кәсіпкерлер құжаттарын жылдам рәсімдеуге мүмкіндік алады

21.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
  • Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа