ҚР Үкіметі отырысында ҚР Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов осы мәселе туралы сөз қозғады.
“Жалпы халықаралық резервтер қазан айында 85,4 млрд доллардан 1 млрд долларға өсті. Алтын-валюта резервтері өткен айда 33,0 млрд долларға дейін 1%-ға өсіп, импорттың шамамен 7,1 айын жабуға мүмкіндік берді. Ұлттық қордың активтері өткен айда 52,4 млрд долларға дейін 1,5%-ға өсті. Жыл басынан бері қаражатты пайдаланудың қорға түсетін түсімдерден асып кетуі аясында 5,3%-ға төмендегені тіркелді”, – деп түсіндірді спикер.
Айтуынша республикалық бюджетке 4 трлн теңге сомаға трансферт бөлу үшін жыл басынан бері 3,8 млрд долларға валюталық активтер сатылған.
“Ақша-кредит саясатын күшейту тұрғысынан дамыған елдердегі орталық банктердің риторикасы аясында облигациялар мен акциялар нарығының жыл басынан бері құлдырағанын көрдік. Алайда, қазан айында акциялар нарығында 7,2% өсу байқалды, соның салдарынан Ұлттық қордың активтері қазан айында 851 млн долларға өсті”, – деп нақтылады ҰБ өкілі.