No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қаржылық кеңес

Бірыңғай жиынтық төлем жойылғаннан кейін МӘМС үшін қалай төлемді жасауға болады?

26.06.2023
Қаржылық кеңес
9
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін жасалып, оған әр түрлі төлем түрі енгізілген болатын. Оны алып тастағаннан кейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қалай төлеуге болады? Қазір kazbusiness.kz порталынан білетін боласыз.

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖҚ) 2019 жылы бес жылға арнап жасалған еді. Сондықтан оның мерзімі 2024 жылдың 1 қаңтарында аяқталады.

Бұл ретте БЖҚ мөлшері биыл қалалар үшін 1 АЕК (3 450 теңге), ал ауылдық жерлер үшін 0,5 АЕК (1 725 теңге) құрайды. Ол мынадай төлемдерді қамтиды:

  • табыс салығы – төлем сомасының 10 пайызына тең;
  • міндетті зейнетақы жарналары – жалпы сомадан 30 пайызы алынады;
  • мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға БЖҚ-ның 20 пайызы беріледі;
  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – 40 пайызын алады.

БЖҚ мерзімі аяқталғаннан кейін бұл төлемдер басқаша жасалуы керек. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) баспасөз қызметінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қалай төлейтіні туралы айтып берді.

Медициналық сақтандыруды қалай төлеуге болады?

Бұрын БЖҚ төлеушісі болған өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды дербес төлеуші ретінде ала алады.

Биылғы жылы бұл төлемдердің мөлшері айына 3500 теңгені құрайды.

“МӘМС туралы заңға сәйкес, сақтандырылған тұлға мәртебесін алу үшін азаматтар 12 ай бойы төлем жасауы керек екенін ескеру қажет. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам соңғы бір жыл ішінде БЖҚ төлеген жағдайда 2024 жылдан бастап ол дербес төлеуші ретінде ай сайынғы төлемдерді жасай алады.

Егер азамат төлемді толық емес жылға жасаса, мысалы, 2023 жылдың тек 7 айына төлеген болса, онда қалған 5 төленбеген айды дербес төлеуші ретінде әр айға 3500 теңгеден төлеу қажет”, – делінген ӘМСҚ хабарламасында.

Бұл ретте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша төлем Қазақстанның кез келген банкінде (мобильді қосымшалардың да көмегімен) және Қазпошта бөлімшелерінде қабылданады. Төлемді жүзеге асыру кезінде төлеуші өзінің идентификациялық нөмірін және төлем жүргізілген уақыт аралығын көрсету керек.

“Әзірге азаматтар жыл соңына дейін БЖҚ төлеуді жалғастырады.

2024 жылы сақтандырылған тұлға мәртебесін жоғалтып алмас үшін азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркеле алады немесе дербес төлеуші ретінде жарна төлей алады”, – деп хабарлады мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Қай жерде 700 мыңнан бастап жалақы алуға болады?

17.07.2023
фото: ашық дереккөз

18 шілдеге дейін салық органдарына қандай қаржылық есепті өткізу қажет?

14.07.2023

Мүгедектігі бар жандардың туыстарына күтім жасағаны үшін еңбекақы төленбек

27.06.2023

Банк алдындағы қарызын 90 күнге кешіктірген азаматтарға несие берілмейді материалға сілтемені көшіру

27.06.2023

Әскерде мерзімді борышын өтеп жүргендердің несиесі тоқтатылады

29.05.2023

Банк құпиясы: бөліп төлеу шыныменен тегін бе?

20.05.2023

Ұсынылатын материалдар

Борыштық жүктеме коэффициенті дегеніміз не?

18.01.2023

Әлеуметтік маңызы бар тауар бір апта ішінде 0,2 пайызға қымюаттады

27.08.2022

Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды

04.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа