No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қаржылық кеңес

@Dauletten: «Бизнес бастау үшін сүйіспеншілік керек»

kazbusiness.kz танымал блогер Дәулет Төлеутайұлының бизнес бастағалы жатқан адамдарға айтқан кеңесін ұсынады.

15.02.2023
Қаржылық кеңес, Жаңалықтар
117
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қаржылық кеңестерімен халық арасында танымал блогер Дәулет Төлеутайұлы (@dauletten) Алматыдағы студенттермен кездесу кезінде бизнесті қалай нөлден бастауға болатынын айтты.

«Бизнес деген сіздің сүйіспеншілігіңізден басталуы керек. Мен инстаграмда тікелей эфирде «пирожки сатып та миллионер болуға болады» деп айтам ғой. Бір күні Нұргүл деген оқырманым маған «пирожки сатып 3 айда миллион таптым» деп хат жазып тұр. Мен қалай пирожки саттыңыз десем, пандемия кезінде үйден пісіріп, соны Астана дүкендеріне таратқан екен. Кешке ақшасын алып кетеді. Басында жаяу жүрген, сосын велосипед алған. Жаяу жүріп 12 дүкенге барса, велосипедке мініп 20-30 дүкен аралаған. Сонда айтқым келетіні – өзінің сүйіспеншілігі ғой. Әр нәрсе өзіңнің махаббатыңмен болуы керек. Жаныңды беріп істемесең, жұмыс өнбейді», – деді ол.

Сондай-ақ, өз сөзінде Дәулет бизнесті нөлден бастауға болады дейтін адамдарға келіспейтінін айтты.

«Сосын бизнесті нөлден бастауға болады дегенге онша келіспеймін. Адамда жоқ дегенде 40-50 мың теңге болуы керек шығар. Тренингтерге барсаң, бизнес нөлден бастауды үйретеміз дейді. Қазір дәретханаға барсаң да 100 тг төлейсің ғой. Сондықтан бизнес нөлден басталмайды, бәрібір капитал болуы қажет», – деп түсіндірді блогер.

Ол сонымен қатар, өз оқырмандарының біріне бизнес ашуға қалай көмектескені туралы да баяндап берді.

«Пандемия кезінде Гүлзат есімді қызылордалық оқырманыма көмек ретінде 50 мың теңге аударып жібергенмін. Ол сосын «50 мыңға азық-түлік алайын ба, әлде бірнәрсе бастайын ба» деп ойланыпты. Сөйтіп ақыры осы ақша морс кәсібін бастап кеткен ғой. Ал қазір күніне 40 мың теңге тауып отырмын дейді. Оған қоса, кәсіпкерлерге берілетін қайтымсыз гранттан 500 мың алған, енді 5 миллионның грантына тапсырып жатыр. Мен үнемі осы кісіні кейс ретінде айтамын», – деді Д.Төлеутайұлы.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Жапон сарапшылары қазақ өнерімен танысып, тәжірибе алмасуға ниетті

16.09.2022

Тұңғыш Президент кеңсесіне бөлінетін қаржы 130 млн теңгеге қысқартылады

04.03.2023

«Сигма-Газ» ЖШС газ бағасын заңсыз қымбаттатқан

13.02.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа